Экскурсия бөлімі
Туристік-экскурсиялық қызмет – оқушыларға танымды тәрбие берудің бірден-бір ықпалды жолы. Ол туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, ел мен жер байлығын, тарихын, мәдени мұраларын оқып-үйреніп, патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Тарихи ескерткіштерге, мәдениетке және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің мәдени өй-өрісін кеңейту, оларды Отанын, туған өлкесін сүйетін елінің патриоты етіп тәрбиелеуде мектептегі экскурсия маңызды рөл атқарады. Бала табиғаттың тылсым қызықтарын кітаптан, журналдан оқып танысқанымен, өзін қоршаған табиғаттың тамаша көріністерін, қайталанбас ерекшеліктерін өз көзімен көріп, құлағымен естіп, қолымен ұстап сезінгені оның мәңгілік есінде қалады.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының экскурсиялық бөлімі өткізетін жұмыстардың барлығы мемлекеттік білім беру саласындағы әлеуметтік міндеттерді шешу, оқушыларға қоғамдағы салауатты өмір салтын қалыптастырды үйретуге бағытталған. Экскурсия бөлімі жыл сайын облыстық деңгейде оқушыларға экскурсиялық бағдарлау элементтерін үйрету және өлкеміздің тарихы мен мәдени мұрасын өскелең ұрпаққа меңгерту мақсатында экскурсиялық бағдарлау жарысын ұйымдастырады.
Экскурсиялық бөлімнің мақсаты мен міндеттері:
- Оқушылардың туристік-өлкетанулық білімін жетілдіру;
- Жас жеткіншектердің бойында қазақстандық патриотизмді дамыту;
- Туған жердің табиғатын, мәдени нысандарын ұқыпты қарау және қорғауға үйрету;
- Туған өлкесінің тарихын үйрету, өз еліміздің патриоттарын тәрбиелеу;
- Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру