Батыс Қазақстан облысында балалар туризмін дамытуға  үлес қосқан педагог В.Фоминді еске алуға арналған облыстық «Алтын дала» қашықтан күзгі туриадасының қорытынды ақпараты

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сай,  2020 жылы 6-9 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысында балалар туризмін дамытуға үлес қосқан педагог В.Фоминді еске алуға арналған облыстық «Алтын дала» қашықтан күзгі туриадасы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау, жаяу туризм техникасын дамыту. 

"Қыздар футболы" секциясы өз жұмысын белсенді жүргізуде

2020-2021 оқу жылында "Спорт және дене шынықтыру" бөлімінде жаттықтырушы А.А Куденконың жетекшілігімен "Қыздар футболы" секциясы өз жұмысын белсенді жүргізуде. Секцияға өз қызығушылықтарын танытқан қыз балалар тартылып бүгінгі күнде барлық санитарлық  талаптарды сақтай отырып жасөспірімдерді салауатты өмір салтына тәрбиелеуде қарқынды жұмыстар атқарылуда.

Батыс Қазақстан облысында балалар туризмін дамытуға үлес қосқан педагог В.Фоминді еске алуға арналған облыстық «Алтын дала»  қашықтан күзгі туриадасына анонс

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы Батыс Қазақстан облысында балалар туризмін дамытуға үлес қосқан педагог В.Фоминді еске алуға арналған «Алтын дала»  қашықтан күзгі туриадасын өткізеді.

Тоғызқұмалақтан республикалық онлайн жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан оқушыларының Х жазғы гимназиядасының бағдарламасы шеңберінде, мектеп оқушылары арасында, онлайн форматта тоғызқұмалақтан республикалық жарыс өткізілді.

Х жазғы оқушылар Гимназиядасының Киокушинкай-кан каратэден онлайн жарысы өтті.

 ​ ​ ​ ​ 2020 жылдың 25 қыркүйек күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Х жазғы Гимназиядасының бағдарламасында​ 2005 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында киокушинкай-кан каратэден «Ката» шеберлігі бойынша онлайн форматта жарыс оздырылды. Жарысқа облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қолдауымен облыс атынан 15 қатысушыдан құралған команда қатыстырылды. Жарыс нәтижесінде оқушылар облыс қанжығасына 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль байлады.

«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің қорытынды ақпараты

2020 жылы 28-30 қыркүйек аралығында «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті өткізілді. Слетті Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша қашықтық форматында өткізді.

«Жайық алаңы» қашықтан зерттеу  марафонының қорытынды ақпараты

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сай 2020 жылдың 25 қыркүйек күні облыстық «Жайық алаңы» қашықтан зерттеу марафоны өткізілді.

Марафонның мақсаты: білім алушылардың ғылыми ойлау және зерттеу қабілеттерін дамыту, өзінің ауылын, қаласының көше тарихын білетін, өз өлкесін ерекше сүйетін ұрпақ өсіру.  Слетке 12 аудан және Орал қаласынан барлығы - 48 оқушы қатысты.

Дүниежүзілік туризм күніне арналған ашық есік күні

2020 жылдың 21-26 қыркүйегі аралығында дүниежүзілік туризм күні қарсаңында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ашық есік күнін өткізеді.

23 қыркүйекте туризм және маршруттық қауіпсіздік бөлімінің жұмысымен танысу өтті.

 Оқушыларға экологиялық экскурсия өткізілді

2020 жылдың 22 қыркүйегінде БҚО әкімдігі білім басқармасының Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы Дүниежүзілік туризм күніне орай «Ашық есік» күні аясында оқушыларға экологиялық экскурсия өткізді. Экскурсия барысында БҚО-ң тамаша өсімдік және жануарлар әлемін, көлдің айдынын және облыс мәртебесіндегі маңызы бар «Садов көлінің» бірегей табиғат ескерткіштерін сақтау мақсатында ұйымдастырылған экскурсияға барды.

«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетінің қорытынды ақпараты

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сай 2020 жылдың 15 қыркүйектегі № 492 бұйрығына сәйкес, 2020 жылы 18-21 қыркүйек аралығында «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өткізілді.

Халықаралық туризм күніне арналған «Европа-Азия» туристік қашықтан фестиваліне анонс

Халықаралық туризм күніне арналған «Европа-Азия» туристік Фестивалі білім қызметкерлері арасында туризмге деген қызығушылығын арттыру, педагогтардың туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау,  салауатты өмір салтын насихаттау және озық тәжірибе  жинақтау мақсатында, 2020 жылдың 28-29  қыркүйек күндері аралығында өткізіледі.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"