Колледж лигасы жарыстарының облыстық кезеңі өткізілуі туралы

2020   жылдың  2-4 желтоқсан күндері облыстық білім басқармасының қолдауымен облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қашықтықтан ұйымдастыруымен колледж лигасы өткізілді. Жарыс тоғызқұмалақ, дойбы интелектуалды спорт түрлері бойынша ұйымдастырылып  барлығы 60 оқушы қатысты.

Халықаралық ынтымақтастық

26 қарашада БҚО әкімдігі білім басқармасының балалар  мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының үйірмелерінің оқушылары Беларусь Республикасының "Зубренок" Ұлттық балалар білім беру-сауықтыру орталығының "Пионер істер жолы" ауысымының қатысушыларымен онлайн-кездесуге қатысты.

Батыс Қазақстан облысының туристтері үшін басты жаңалық!!!

2020 ж қараша айының 27-жұлдызында ОБЖТжЭО-ның Қамқоршылық Кеңесі өз жұмысын бастады. Кеңес құрамына 11 адамнан құралған туризм жанашырлары топтасқан. Михно Валентина Павловна кеңес мүшелерінің бір ауыздан ұсынысы бойынша төрайым қызметіне сайланды. Хатшысы болып аталмыш мекеменің әдіскері Асангалиева Мадина Султаналиевна сайланды. Болашақта кеңестің игі істері мен жаңа бастамалары балалар туризмінің дамуына зор септігі тигізуіне өңір туристтері кәміл сенеді!

Онлайн сабақ

«Жас эколог» үйірмесінде 6 сыныптан 15 оқушы, «Табиғат» үйірмесінде 13 оқушы қосымша білім алуда. Онлайн сабақ  ватсап арқылы мәліметттер, тапсырмалар, бейнесабақтар жіберіп, пікір алмасу  арқылы жүзеге асуда.

Батыс Қазақстан облыстық балалар – жасөспірімдер туризмі және экология орталығы  «Жасыл кеңсе 2020» республикалық конкурсының жеңімпазы!

20 қарашада Нұр – Сұлтан қаласында «Жасыл кеңсе 2020» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының және ЕҚЫҰ-ның  Нұр – Сұлтан қаласындағы және Орталық Азиядағы КӘЖ бағдарламалық кеңсесінің қолдауымен конкурсты ұйымдастырушылар «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы».

 VІ облыстық «Туған жер-алтын бесік» өлкетану олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 18–20 қараша күндері  Батыс  Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығының ұйымдастыруымен  VІ облыстық «Туған жер-алтын бесік» өлкетану олимпиадасы қашықтан өткізілді. Олимпиадаға 12 аудан және Орал қаласынан барлығы 39 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы Бәйтерек, Казталов, Теректі аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті.

Тау туризмі техникасынан академик Т.Қ. Жездібаевты еске алуға арналған облыстық қашықтан өткен жарысының  қорытынды ақпараты

Білім басқармасының 2020 жылғы 11 қарашадағы №615 бұйрығына сайкес ағымдағы жылдың 18-19 қараша күндері тау туризмі техникасынан академик Т.Қ. Жездібаевты еске алуға арналған облыстық жарысы қашықтан өткізілді.

«Мені қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-әрекеттерім»

Қосымша білім беру педагогі Н.Б.Байсариеваның жетекшілігімен «Жас эколог» экологиялық үйірмесінің онлайн сабағы.

Тақырыбы: «Мені қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-әрекеттерім»

Мақсаты: табиғатқа деген құрметті қалыптастыру, экологиялық мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

«Ресей - Қазақстан шекаралас аймақтарында Жайық өзені салаларын сақтау» атты Халықаралық конференция

Бүгін, 2020 жылдың 19 қарашасында «Ресей - Қазақстан шекаралас аймақтарында Жайық өзені салаларын сақтау» атты Халықаралық онлайн-конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырушы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, Орыс географиялық қоғамының Орынбор облыстық бөлімшесі жанындағы Жастар клубы, Орынбор облысының үкіметі баяндама жасады.

Тау туризмі техникасынан академик Т.Қ. Жездібаевты еске алуға арналған облыстық жарысын қашықтан  өткізу ережесі

І. Жалпы ережелер

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы тау туризмі техникасынан академик Т.Қ. Жездібаевты еске алуға арналған облыстық жарысы қашықтан өткізіледі.

Өткізілетін уақыты: Облыстық деңгейде тау туризмі техникасынан жарыс ағымдағы жылдың 18-19 қараша күндері аралығында өтеді.

Ғылыми-педагогикалық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Бүгін, 2020 жылғы 10 қарашада Бейбітшілік пен Даму үшін Дүниежүзілік Ғылым күнінде Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы мен жетекшісі Қайрат Кәрімов болып табылатын С.И.Исаев атындағы халықаралық эксперименттік коллекциялық тәлімбағы арасында ғылыми-педагогикалық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты байланыстарды орнату, кеңейту, дамыту және нығайту, ғылыми-зерттеу, педагогикалық мүмкіндіктерді дамыту, зерттеулерді бірлесіп орындау, сондай-ақ әртүрлі іс-шаралардың мінез-құлқы болып табылады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"