«Cамал» туристік лагері

 

2012 жылы әсем өзен Шағанның жағасынан қала тұрғындары мен қонақтарына «Самал» туристік лагері өз есігін айқара ашып, бүгінгі күнге дейін белсенді демалысты сүйетін жандар арасында сұранысқа ие болып келеді.
«Самал» туристік лагер базасында 70 адамға есептелген 4-6-8 орындық бөлмелермен тұрғын кешені, қонақ үй, әкімшілік корпус, асхана, жазғы саяжай, спорт алаңдары мен шаңғы базасы орналасқан. Демалыс уақыттарына балалар лагері ұйымдастырылған. Қысқы, күзгі, көктемгі демалыста ұйымдастырылатын ауысым 3-5 күн болса, жазғы демалыс ауысымдары 10 күнге жоспарланған.
«Самал» туристік лагері Сіздерге көпшілік шаралар ұйымдастырудың мол түрін ұсынады: Оқуышылар мен студенттерге арналған ғылыми-жаттығу жиындары, туристік жабдықтарды қолданысқа бере отырып, ұжымдық және жанұялық демалыстарды өткізу және т.б. Демалушылардың қалауы бойынша көлік тасымалы мен кешенді ас ұсынады. Тапсырыс алдын ала қабылданады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"