Батыс Қазақстан облысында балалар туризмін дамытуға үлес қосқан педагог В.Фоминді еске алуға арналған облыстық «Алтын дала» қашықтан күзгі туриадасының қорытынды ақпараты

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сай,  2020 жылы 6-9 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысында балалар туризмін дамытуға үлес қосқан педагог В.Фоминді еске алуға арналған облыстық «Алтын дала» қашықтан күзгі туриадасы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау, жаяу туризм техникасын дамыту. 

Туриадаға 11 аудан, Орал қаласы және Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығынан барлығы 61 қатысушы қатысты.  

Туриаданың ережесіне сай қатысушылар «Жеке» қашықтығы бойынша сынға түсті. Нәтижелері туриаданың «Жеке» қашықтығы бойынша ұлдар, қыздар арасында бөлек саналды, және жалпы сынақта 4 қатысушының уақыттарының қосындысымен шығарылды. Қашықтық бойынша үш жүлделі орын тағайындалды.  

         «Жеке» қашықтығы бойынша 2005-2006 жж ұлдар арасында жеңімпаздар

1 орын – Муратов Батырхан (Жәнібек ауданы);

2 орын – Нигметуллин Айдар  (Тасқала ауданы);

3 орын – Героев Еділ (Ақжайық ауданы).

«Жеке» қашықтығы бойынша 2005-2006 жж қыздар арасында жеңімпаздар

1 орын – Амангельдиева Нургуль (Бөрлі ауданы);

2 орын – Чиркова Анастасия (Бәйтерек ауданы); 

3 орын – Губашева Аружан (Жәнібек ауданы).

«Жеке» қашықтығы бойынша 2007-2009 жж ұлдар арасында жеңімпаздар

1 орын – Жолдығалиев Ерасыл (Бәйтерек ауданы);

2 орын – Гумаров Эльдар (Бәйтерек ауданы); 

3 орын – Аяп Жалғас (Бәйтерек ауданы).

«Жеке» қашықтығы бойынша 2007-2009 жж қыздар арасында жеңімпаздар

1 орын – Тусип Сымбат (Ақжайық ауданы);

2 орын – Джумагалиева Гүлизар (Бөкей Ордасы ауданы); 

3 орын – Еркін Адина (Теректі ауданы).

Жалпы командалық сынақ бойынша жеңімпаздар:

1 орын – Жәнібек ауданының командасы;

2 орын – Бәйтерек ауданының командасы; 

3 орын – Бөрлі ауданының командасы.

Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен, медальдарымен және кубоктарымен марапатталды. 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"