Республикалық «Соқпақ-Тропинка» ғылыми-әдістемелік журналының  4-ші саны жарық көрді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Т.Есентаевтың журнал оқырмандарына жолдаған ізгі тілегімен басталған журналда орталықта жұмыс жасайтын «Спорт және дене шынықтыру» бөлімінің жыл бойына жасаған жұмысының нәтижесі, қосымша білім беру бағытында шаңғы дайындығына әзірлік бағдарламасы, «Дене шынықтыру» пәнінен қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық, «Спорттық бағдарлау» үйірмесінің авторлық бағдарламасы, БҚО жас геологтарына геологиялық тапсырма, педагогтардың кәсіби санатқа өту тәртібі, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған зерттеулер мен т.б мақалалар жарық көрді.

Облыстық «Ашық аспан астындағы музей-қала» қашықтан байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Оқушыларға тарихи-мәдени мұраларды таныстырып, зерттеу арқылы ата-бабаларымыздың ерліктерін дәріптеу мақсатында ағымдағы жылдың 29-30 қазан күндері қашықтан «Ашық аспан астындағы музей-қала»  байқауы ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы 13 команда ( 52 оқушы), соның ішінде облысымыздың  аудандарынан 12, қалалық 1 команда қатынасты. Төрешілер алқасы бекітілген ережеде берілген критерийлерге қарап бағалады.

«Айбын-2020» әскери патриоттық жиыны

«Айбын-2020» әскери патриоттық жиыны елімізде жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып отыратын​ іс-шара болып табылады. Аталған шараға облыс командасы қатысып 2018 жылы жалпыкомандалық есепте 2 орын және 2019 жылы жалпыкомандалық ​ есепте 1 орын иеленген болатын.

Жеңімпаздар марапатталды.

2020 жылдың 25 қыркүйек күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Х жазғы Гимназиядасының бағдарламасында​ 2005 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында киокушинкай-кан каратэден «Ката» шеберлігі бойынша онлайн форматта жарыс оздырылған болатын.

Қашықтықтан "Бес асық", "Асық ату" үйірмелері жұмыс жасауда

Жаңа 2020-2021 оқу жылында, ОБЖТжЭО,  "Спорт және дене шынықтыру" бөлімінде оқушылардың ұлттық спорттық ойындарға қызығушылығын арттыру, ұлттық спорт ойындарын дамыту және карантин жағдайында бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында жаттықтырушы А.Мырзагерееваның жетекшілігімен қашықтықтан "Бес асық", "Асық ату" үйірмелері жұмыс жасауда.

«Ұлылардың ұлысы – Абай»

Ұлтымыздың ақыны, ойшыл тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында ОБЖТжЭОрталығының кітапханасында педагогтардың қатысуларымен қазақ халқының ардақ тұтқан бірегей ғұламаның шығармашылығын насихаттап дәріптеу мақсатында  «Ұлылардың ұлысы - Абай» атты педагогикалық оқу шарасы өткізілді.

"Айбын-2020" әскери - патриоттық жиын

Елімізде 23 қыркүйек- 19 қараша аралығында "Айбын-2020" әскери - патриоттық жиыны өтуде. Назарларыңызға жиынға қатысушы БҚО -ның "Жігер" әскери патриоттық клубының жасөспірімдерінен құралған команданың әскери-патриоттық әнін ұсынамыз!

Экологиялық туризм бөлімінің жұмысы туралы.

14 қазан күні экологиялық туризм бөлімінің меңгерушісі Н.Х.Гатауов Батыс Қазақстан академиялық колледжі «АТИСО» «Туризм» мамандығының 3 курс студенттерімен экологиялық туризм бөлімінің жұмысы мен шаралары бойынша кездесу өтті.

Қосымша білім беру педагогтарын далалық жорықтарға  дайындау семинар-машық

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, балалармен туристік - өлкетану және экологиялық жұмыстын ұйымдастыратын педагог кадрлардың біліктілігін, шеберлігтерін арттыру және сапалы даярлау мақсатында 2020 жылдың 13-қазанында қосымша білім беру педагогтерін дала жорықтарына (велосипед жорығы) дайындау бойынша семинар-практикумы өткізілді.

Батыс Қазақстан облысында балалар туризмін дамытуға  үлес қосқан педагог В.Фоминді еске алуға арналған облыстық «Алтын дала» қашықтан күзгі туриадасының қорытынды ақпараты

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сай,  2020 жылы 6-9 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысында балалар туризмін дамытуға үлес қосқан педагог В.Фоминді еске алуға арналған облыстық «Алтын дала» қашықтан күзгі туриадасы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау, жаяу туризм техникасын дамыту. 

"Қыздар футболы" секциясы өз жұмысын белсенді жүргізуде

2020-2021 оқу жылында "Спорт және дене шынықтыру" бөлімінде жаттықтырушы А.А Куденконың жетекшілігімен "Қыздар футболы" секциясы өз жұмысын белсенді жүргізуде. Секцияға өз қызығушылықтарын танытқан қыз балалар тартылып бүгінгі күнде барлық санитарлық  талаптарды сақтай отырып жасөспірімдерді салауатты өмір салтына тәрбиелеуде қарқынды жұмыстар атқарылуда.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"