Музей

Балалар туризмі тарихы музейі – жас туристердің рухани-адамгершілік тәрбие ортасы

Облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының «Балалар туризмі тарихы» музейі оқушылардың, педагогтардың іздестіру-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жасақталып, Орал өңірі балалар туризмінің дамуын толықтай ашып көрсеткен.

Үйірмешілер өз жетекшілерімен бірге туған өлкелерін зерттеп, ардагерлермен кездесіп, іздестіру-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жорықтарға және экспедицияларға шығады. Музей - өлкетану жұмыстарының қорытындысы ретінде 1995 жылы ОБЖТжЭО-ның директоры В.П. Фомин және туризм ардагері Г.Ф. Славцованың бастауымен ашылды.

2015 жылы музейдің экспозициялары жаңартылып және толықтай қалпына келтірілді. Туризм музейі біріншіден балаларға арналған - білім музейі.Сонымен қатар көптеген жасалған жұмыстар, ескі маршруттар мен жоспалар, саяхат картасымен және нұсқаулықтар, фотографиялармен және альбомдар, ардагерлердің құнды жеке заттары және жас туристердің марапаттаулары, келушілерге туризмнің тарихын ашады. Музейдегі балалар мен жасөспірімдертуризм дамытудағы үлес қосқанардагерлердің экспонаттары оқушылардың білімдерін толықтырып, ой-өрісін дамытып, патриоттық сезімді қалыптастыру арқылы оқушылардың спорттық жігерін көтеру септігін тигізеді. Үйірмешілер туризм тарихымен танысып, зерттеу жұмысын жүргізе отырып, музей экспонаттарын сипаттау, есепке алу, ғылыми паспорттарды толтыру және инвентарь кітабын толтыру жұмыстарын жалғастырады. Оқушыларға арналған музейде тематикалық кездесулер, музей сағаттары,мемлекеттік және ведомстволық музейдің жылжымалы көрмелері өткізіліп, біздің өлкенің терең тарихын ашып көрсетеді. Музей экспозициясындағы тарихи құнды жәдігерлердің оқу-тәрбиелік маңызы зор. ОБЖТжЭО-ның оқушыларының патриоттық және адамгершілік тәрбие беруде музей экспозициясының маңызы зор. Балалар туризмі тарихы музейінде Сталинград соғысының маңызды кезеңдерінің түпнұсқа жәдігерлері көрсітілген. Музейде тек қана туризмнің дамуы ғана емес өлке тарихы экспозициясы хонологиялық принцип бойынша орналасқан. Экспозициялар балалар туризмінің негізін қалаушылардың соның ішінде: Москва балалар туризмі және өлкетану академиясының тұңғыш президенті, педагогика ғалымдарының кандидаты, профессор, турист-спортшы, жазушы, журналист, балалар туризмінің ерекше әліміне жол сілтеп, шәкірттер тәрбиелеген Александр Александрович Остапец-Свешниковке «Туризмге арналған ғұмыр» атты экспоция арналған.

Қабырғадағы витриналар Қазақстандағы балалар туризмінің негізін қалаушылар, оқу-ағарту ісінің үздіктері, СССР және ҚазССР-нің еңбегі сіңген педагогтары, турист-спортшылар Сейтжапар Сейіткасымұлы Абдамбаевқа және Төкеш Қабалаұлы Жездебаевқа, тау туризмі нұсқаушысы, ардагерлері А.М.Панченко, туризм ардагерлері: К. Жұбаншалиев, Р.Ж.Абдушеваға және А.М.Маминге т.б. ардагерлерге арналған.

Музей экспозициясы тек қана оқу-тәрбие үрдісін жүргізіп қана қоймай, үйірмешілердің іздестіру-зерттеужұмыстарын, өздігінен шығармашылық жұмыспен айналысуға баулиды. Спорттық туризммен, іздестіру-зертеу ісімен айналысу үйірмешілердің болашақ мамандығын таңдауға жол сілтейді.

Білім беру мекемелеріндегі музей - біліммен мәдениеттің қарқынды даму ортасы. БҚО-да 161 музей, оның ішінде турлі профильдегі 131 музей паспортталған.

Балалар туризмі тарихы музейінде жалпы 3082 жәдігер сақтылып, 2018 жылы 2041 мектеп оқушылары, 357-і студент, 700 астам ересектер музейге экскурсияға келді. Жыл бойы 7 көпшілік шаралар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 14 лекциялар, 158 экскурсиялар өткізілді.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"