"Ойлан тап" онлайн конкурсының қортындысы

ҚР БҒМ РҚББОӘО қолдауымен "Қазақстан балалары -жазды қуанышқа толтырайық" концепциясына сәйкес 15-21 маусым аралығында "Отбасы-алтын бесігім"атты  апталығы барысында  Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология облыстық орталығы "Ойлан тап" онлайн конкурсының қорытындысын жариялайды.

Халықаралық Әкелер күні

ҚР БҒМ РҚББОӘО қолдауымен "Қазақстан балалары -жазды қуанышқа толтырайық" концепциясына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология облыстық орталығының ұйымдастыруымен халықаралық әкелер күніне орай  "Әке көрген оқ жонар " онлайн челленджін жариялады.

«ӘЛЕМ БАЛАЛАР КӨЗІМЕН» атты шығармашылық онлайн көрме!

2020 жылдың 1 маусымында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының  60 жылдығына арналған «Әлем балалар көзімен» атты балалардың көркем шығармашылығының онлайн көрмесі ашылып, ол айдың соңына дейін жалғасады.

«Әкелер күні» мерекесіне орай, көпбейінді спорттық туризмнен «Менің әкем – Турист» ашық онлайн жарысы туралы

21 маусым «Әкелер күні» мерекесіне  орай, көпбейінді спорттық туризмнен «Менің Әкем - Турист» атты онлайн ашық жарысы челлендж түрінде бастау алды. Челлендж 2020 жылдың 15-30 маусым аралығында өтеді. Жеңімпаздар 2020 жылдың 6 шілде күні анықталып, марапатталады.

«Абай әлеміне саяхат» байқауы

Жазғы демалыс уақытында  оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу  мақсатында «Өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық» бөлімінің үйірмешілері қашықтықтан  интернет байқауларға белсене қатысып келеді.
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен   жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында Абай Құнанбаевтың 175
жылдығына арналған «Абай әлеміне саяхат» республикалық интернет байқауы оздырылды.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Желбіре Жеңіс жалауы!» облыстық интернет байқауы жалғасуда !!!

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы  «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» және «Еріктілер жылы» аясында «Желбіре Жеңіс жалауы!» байқауын қашықтықтан өткізуде.
Байқаудың «Ардагерге құрмет-ұрпаққа міндет» челленджі 7 мамыр-5 маусым аралығында жүргізіліп, облысымыздан 14 команда толықтай қатысты. Әлеуметтік желілерде дауыс беру 2020 жылдың 15 маусымында аяқталады. 

Екінші жарты жылдықта диагностика онлайн түрінде өткізілді.

Жыл сайын оқу жылына 2 рет облыстық балалар - жасөспірімдер туризмі және экология орталығының үйірмешілерінің арасында педагог-психолог маманы оқушылар бойындағы агрессияны анықтауға арналған диагностика жүргізеді. Екінші жарты жылдықта диагностика онлайн түрінде өткізілді.
Үйірмешілер арасында жүргізілген диагностика қорытындысы бойынша жыл басында агрессияның орташа дәрежесі бар "қауіп тобындағы" болған балалар,жыл соңына қарай агрессияның төмен деңгейіне өзгергенін көрсетеді. Бұл туристік-өлкетану үйірмесі балаларға жағымды, оң әсер ететінінің тағы бір дәлелі.

«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.

Бес асықтан Батыс Қазақстан облысының қашықтықтан онлайн турнирінің өткізілуі туралы

21-23 мамыр күндері Облыстық білім басқармасының қолдауымен Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қашықтықтан ұйымдастыруыменБатыс Қазақстан облысының шахматтан онлайн блиц турнирі өткізілді.
Онлайн форматта өткізілген турнирдің мақсаты: мектеп оқушыларының спорттық шеберліктерін  және зияткерлік қабілетін жетілдіру.

«Қашықтықтан оқытуда өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдары» атты онлайн-конференциясының қорытынды ақпараты

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығы 2020 жылдың 20 мамыр күні  «Қашықтықтан оқытуда өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдары»  атты онлайн-конференция өткізді. Конференцияға республика бойынша 56 қосымша білім беру педагогтары қатысты.

Халықаралық отбасы күні

Халықаралық отбасы күні-1994 жылдан бастап жыл сайын 15 мамырда атап өтіледі. БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық отбасы жылы туралы қарар  жариялады (1993 жылдың 20 қыркүйектегі № A/REC/47/237).
Отбасы-біздің әрқайсымыз үшін ең бастысы. Отбасы-бұл жақын және туған адамдар, жақсылық пен бақыт тілейтің, біз жақсы көретін, үлгі алатын, қамқорлық жасайтын адамдар.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Соғыстың үшбу хаттары» жинағы шықты.

Жауынгер хаттарынан

 

Құйғытып аспан көгінде,
Құлдырап құстай, сәлем хат.
Жетші сен туған жеріме,
Жеткізші менен аманат. Тайпақтан сонау тапшы іздеп,
Майданшы солдат анасын.
«Қарағым қашан қайтар»-деп,
Сағынған шығар баласын... Адаспай баршы, сәлем хат,
Ардақты Жайық бойына.
Ұлдарын күтсін – аманат,
Сайлансын Жеңіс тойына.

 

 

 

 

 

Жұбан Молдағалиев

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"