Батыс Қазақстан облысының мектеп музейлері.

Батыс Қазақстан облысының мектеп музейлері.

Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Ол ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Сондай-ақ әрбір жас ұрпақтың бойында  мақтаныш сезімін, аға ұрпаққа еліктеушілік қасиеттерін туындатады, патриоттыққа тәрбиелейді.

Қазіргі таңда жалпы Батыс Қазақстан облысы көлеміндегі 370 мектептің 169–да мектеп музейі ашылып, 138–і паспортталды. Музей бағытындағы үйірмеге 2196 оқушы қатысады. Мектеп музейі профильдері бойынша тарихи–өлкетану, әскери – патриоттық, экология, тарихи–этнографиялық, археологиялық, педагогикалық музейлері болып бөлінеді. Музей жетекшілері  әртүрлі тақырыптарда тағылымды шаралар өткізіп, мектептегі тәрбие жұмысына зор үлес қосуда.  

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"