2009 ж.т. қыздар арасындағы облыстық «Былғары доп» турнирі

1-4 маусым   аралығында  Орал қ.  «Жастар»  стадионында  футболдан 2009 ж.т.  қыздар  арасында облыстық «Былғары доп» турнирі өтті.
Турнирге 4 команда, соның ішінде 3 аудан (Теректі,Бөкей Орда,Ақжайық), Орал қ. (№21 ЖОББМ) , жалпы 40  жас футболшылар қатысты.
Турнир облыстық білім, дене шынықтыру және спорт басқармаларының, БҚО футбол қауымдастығы және БҚО әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

«Шырқаған жастық шақ» бард әндерін орындаушылардың фестивалінің қорытынды ақпараты

2019 жылдың 29-31мамыр аралығында  Жастар жылы аясында «Шырқаған жастық шақ» бард әндерін орындаушылардың облыстық фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты: бард әндері жанрын дамыту, авторлық әндерді насихаттау, сананың ашықтығына тәрбиелеу, оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Фестивальге 13 команда  78 қатысушы  қатысты.  Оның ішінде: 12 аудан, 1 колледж (Орал ақпараттық технологиялар колледжі). Тасқала ауданының командасы  фестивальге қатыспады.   

ОБЖТжЭО командасының Саябақтарда спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысуы бойынша ақпарат

2019 жылдың 19-23 мамыр аралығында Қарағанды қаласында саябақта спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа Республикамыздың 8 өңірінен 190 ға жуық спортшы қатысты. Жарыс бағдарламаға сай  «Командалық эстафета» (2), «Орта», «Спринт» қашықтықтарын қамтыды. Спортшылар МЖ14,МЖ16,МЖ18,МЖ20,МЖ21Е, МЖ45 жас ерекшеліктері бойынша ерлер мен әйелдер арасында сынға түсті. Облыстық балдар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қолдауымен 9 адаммен қатысты.

«Менің Отаным-Қазақстан» экспедициясы шеңберінде туристік көпсайыстан облыстық «Қарлығаш» туриадасының анонсы.

Оқушылар арасында «Менің Отаным Қазақстан» экспедицицясы шеңберінде туристік көпсайыстан облыстық «Қарлығаш» туриадасы жаяу туризмі техникасын дамыту,  салауатты  өмір салтын насихаттау, тәжірибе алмасу мақсатында,  2019 жылдың  10-14  маусым  аралығында Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында  «Шұғыла» туристік лагерінде өткізіледі. 

2007-2008 ж.т. қыздар арасындағы облыстық «Былғары доп» турнирі

26-28  мамыр  аралығында  Орал қ.  «Жастар»  стадионында  футболдан 2007-2008 ж.т.  қыздар  арасында облыстық «Былғары доп» турнирі өтті.
Турнирге 3 команда, соның ішінде 2 аудан (Теректі, Шыңғырлау), Орал қ. (№17 ЖОББМ) , жалпы 41  жас футболшылар қатысты.
Турнир облыстық білім, дене шынықтыру және спорт басқармаларының, БҚО футбол қауымдастығы және БҚО әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Утешев Нариман Сулейменович - еңбек ардагері, «Жайық-Орал» экологиялық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Утешев Нариман Сүлейменұлы – жоғары білікті еңбек ардагері,  «Жайык-Орал»  экологиялық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,  Оның еңбек жолы халық шаруашылығымен тығыз байланысты. Өз қызметінің 20-дан астам жылын өлкенің экологиялық жағдайын жақсартуға арнады. Ол «По следам Правдухина», «Жайық-Урал» экспедициясының ұйымдастырушысы, қолдаушысы, әрі мүшесі. Экспедицияларға қатыса отырып, Жайық өзенінің мәселелерін шешуге атсалысты.

«Шырқаған жастық шақ» бард әндерін орындаушылардың облыстық фестивалінің анонсы

«Шырқаған жастық шақ» бард әндерін  орындаушылардың облыстық фестивалі 2019 жылдың  29-31  мамыр аралығында Орал қаласы, «Евразия» ТСК-де (Лагерь  көшесі  6) өтеді.
Мақсаты:  музыкалық – поэтикалық мәдениеттің ерекше құбылысы болып табылатын авторлық әндерді жастар арасында насихаттау, патриоттыққа және азаматтыққа тәрбиелеу.
Жарысқа аудан мен Орал қаласынан командалары қатыса алады. Қатысушылардың жас ерекшелігі: 10–18 жас.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"