«Ксинт» - Бисемалиев Самигула Кубаевич

Бисемалиев Самигула Кубаевич 

Заслуженный инструктор Республики Казахстан, почетный работник РК. Педагог высшей категории. Педагог дополнительного образования высшей категории.

 

ОБЖТжЭО - ның спорттық бағдарлау бөлімінде 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының оқушыларынан құралған жұмасына 4 сағаттық 1оқу жылы «Отан» атты спорттық бағдарлау үйірмесі және жұмасына 6 сағаттық 3 оқу жылы Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенттерінен «Ксинт»атты үйірмесі ашылды. Үйірме жұмысын қолға алған күннен бастап, балалармен тығыз байланыста жұмыс жасап келемін. Үйірме оқушылары әртүрлі туристік жарыстарға, жорықтарға қатысып тәжірибе жинақтап келеді.

Алғашқы оқу жылы болғандықтан «Отан» үйірмесімен кейбір жарыстарға қатысуға мүмкіншіліктері болмады, бірақ үйірмешілердің жарыстар мен жорықтарға деген қызығушылығы өте жоғары болды.

Жыл бойына жұма сайын оқушылар «Евразия» және «Самал» туристік сауықтыру кешеніне барып практикалық жұмыстар жасап және өткізілген шараларға қатысып отырды

2019 жылдың қыркүйек айында кішкентай туристеріміз туристері жыл сайын дәстүрлі өткізіліп жүрген «Алғашқы алау» шарасына қатысып, турист достарымен қауышып уақыттарын қызықты өткізіп келді. Бұл біздің жас туристеріміздің бұл салаға деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

2019 жылдың қараша айында үйірмешілеріміз «Самал» туристік лагерінде күзгі демалыс лагерінде демалып келді. «Самал» туристік лагерінде ұйымдастырылған 1 күндік шараның қалай тез өткенін де аңғармай қалдық. Жас туристеріміздің табиғат аясына деген қызығушылықтары одан сайын арта түсті.

Туризм бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жас туристерге арналған туристік эстафета жарысында грамотаға ие болды.

2019 жылдың қараша айында тобымыздың белсенді мүшесі Бекмухамбетова Амина "Менің Отаным Қазақстан" мәнерлеп оқу байқауына қатысып 3 жүлделі орынға ие болып грамотамен марапатталды.

2019 жылдың 2-4 қазан аралығында облыстық "Батыс Азимут - 2019" спорттық бағдарлау жарысында «Ксинт» үйірмесі қатысып,және Сервис және жаңа технологиялар командасы қатысып жүлделі 2 орынға ие болдық,Бұл жарыста көптеген тәжірибе жинадық.Үйірмешілеріміздің ішіндегі Таңатарова Айдана, Баева Анастасия, Есімова Томирис жүлделі орындарға ие болды.

2019 жылдың қазан айында «Стройтель»мөлтек ауданында «Ксинт»үйірмешілер арасында жыл сайынғы жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа үйірмешілерден басқа колледж студенттері де қатысты, жарысты ұйымдастырып және төрағалық еткен үйірмешілердің өздері

2019 жылдың желтоқсан айында «Ксинт» командасы үйірмешілер арасындағы тау туризмі техникасынан жарысқа қатысты өкінішке орай жүлделі орынға ие бола алмадық тәжірибеміз жетпеді.

Желтоқсан айында бірінші рет Сервис және жаңа технологиялар колледж ғимаратының ішінде спорттық бағдарлаудан жарыс ұйымдастырдық. Жарыс өте тартымды өтті,осындай жарыстарды мектеп ішіндеде өткізуге болады екен.

2020 жылдың қаңтар айында «Евразия» ТСК қысқы демалыс лагерінде демалып келді. Қыс қызықтарыда балалардың көңілінен ерекше орын ала білді

2020 жылдың 22- 24 қаңтар аралығы Облыстық "Шаңғы бағдары - 2020" шаңғымен спорттық бағдарлау жарысына үйірмешілерім мен бірге Сервис және жаңа технологиялар колледжі атынан команда болып шығып жалпы есепте 1 орынға ие болдық. Бұл біз үшін өте жақсы мақтанарлық көрсеткіш болды

2020 жылдың ақпан айында облыстық «Менің отаным Қазақстан» жасақтарының слетіне 2 оқушым қатысып өшпес жұлдыздар номинациясы бойынша Бекмухамбетова Амина 2 жүлделі орынға ие болды.

2020 жылдың ақпан айында туристік үйірмешілер арасында оздырылған «Ұлпақар- 2020» шаңғы туризмі жарысына қатыстық,бірақ орынға ие бола алмадық.

Ақпан айының 17-19 аралығында Ксинт үйірмешілермен Орал-Серебряково-Щапово маршруты бойынша 3 күндік шаңғы жорығын жасадық. Маршруттың ұзақтығы 35-40 шақырым болды,Үйірмешілерге ең ұнағаны осы жорық болды,бұндай жорыққа бұрын шықпаған оқушылар жорықтан өте жақсы әсер алды.

Туристік үйірмешілер жылдың ішінде жоғарыда көрсетілгендей жетістіктерге қол жеткізді. Алар асулар әлі алда.

2020-2021

Үйірмесінің бағдарламасы

Сабақ кестесі

Оқушылар тізімі 

2018-2019

Күнтізбелік жоспары

Үйірмесінің бағдарламасы

Сабақ кестесі

Оқушылар тізімі

Фото учащихся кружка «Ксинт»

Біздің топ Вконтакте

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"