Кенжегалиев Асылан Алипкалиевич
қосымша білім беру педагогы, білімі жоғары.
педагогика ғылымдарының магистрі.
2020 жылдың қыркүйек айынан №45 орта жалпы білім беретін мектебінде «Рубин» спорттық бағдарлау үйірмесі жоспар бойынша жұмыстарын атқаруда. Үйірменің негізгі мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Табиғаттың тылсым құпияларын зерттеу, оны адамзаттың игілігіне жарату және осы өмір сүріп отырған жұмыр жер қойнауында біз білмейтін қаншама сыр бар соларға жеке-жеке тоқталу. Өңірімізде спорттық туризм саласын дамытуға атсалысу.
Табиғат аясына саяхаттар мен жорықтарға, бір күндік экскурсияларға шығып ізденіс жұмыстарымен жұмыстанып, өз білімдерін арттыруда.
2019 жылдың қыркүйек айынан Сервис және жаңа технологиялар колледжі «Туризм» мамандығы студенттерінен құралған «Сұңқар» спорттық бағдарлау үйірмесі жоспар бойынша жұмыстарын атқаруда. Үйірменің негізгі мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Туризм мамандығын таңдаған болашақ мамандарға спорттық бағдарлау спортын жетік меңгертуге және практикалық тұрғыда көптеген жарыстарға қатысып өзін маман ретінде қалыптастыруға атсалысу. Табиғаттың тылсым құпияларын зерттеу, оны адамзаттың игілігіне жарату және осы өмір сүріп отырған жұмыр жер қойнауында біз білмейтін қаншама сыр бар соларға жеке-жеке тоқталу. Өңірімізде спорттық туризм саласын дамытуға атсалысу. Табиғат аясына саяхаттар мен жорықтарға, бір күндік экскурсияларға шығып ізденіс жұмыстарымен жұмыстанып, өз білімдерін арттыруда.
«Сұңқар» үйірмесінің оқу бағдармасы
«Сұңқар» үйірмесінің 2020-2021 оқу жылына арналған сабақ кестесі
«Сұңқар» үйірмесінің 2020-2021 оқу жылына арналған сабақ кестесі (топ тізімі)