«Штурм» - Беркінғалиев Фархат Сырымұлы

Беркінғалиев Фархат Сырымұлы

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогы. 2002- 2006 жылдары М. Өтемісов атындағы БҚМУ. «Экономика және басқару» факультеті, «Туризм» мамандығын тәмандады. 2006- 2008 жылдары М. Өтемісов атындағы БҚМУ «Экономика және басқару» факультетінде оқытушы қызметін атқарған. 2010 жылдан бастап Теректі АБЖТжЭО-да қосымша білім беру педагогы қызметін атқарып келеді.

«Штурм» спорттық бағдарлау үйірмелерін жүргізеді. Спорттық бағдарлау - спорттың қызықты түрлерінің бірі. Бұл спорттың түрі балалардың зияткерлік қабілетін және физикалық дене дайындығын дамытуға оң әсер етеді.

Спорттық бағдарлау салауатты өмір салтын насихаттайды. Медициналық зерттеулердің деректері бойынша спорттық бағдарлау адам ағзасының сауығуына оң ықпал ететін спорт түрлерінің ішінен алғашқы орындардың бірін алатыны дәлелденді.

Үйірменің мақсаты – жасөспірімді жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Спорттық бағдарлау арқылы Отанды, туған өлкені құрметтеуге, табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Спорттық бағдарлау үйірмесінің мақсаты мен міндеттері:

• Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

• Картаны оқу, компаспен жұмыс істей білу, азимутты анықтау;

• Табиғатпен етене жақын болу және оны қорғай білу;

• Ауа райын бақылау және болжам жасау;

• Таныс емес жерлерді картаның, компастың көмегімен жергілікті заттардың сан алуан ерекшеліктерін, бағытын белгілеу;

• Шатыр құру, алау жағу, тамақ дайындау, қарапайым туристік жабдықтарды әзірлеу.

• Спорттық бағдарлау жарыстарына қатысып тәжірибе жинақтау.

2018-2019

Күнтізбелік жоспар

Үйірмесінің бағдарламасы

Сабақ кестесі

Оқушылар тізімі

2016-2017

Күнтізбелік жоспар

Сабақ кестесі

Оқушылар тізімі

Фото учащихся кружка

Біздің топ Вконтакте

Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, Батыс Қазақстан облысы балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының спорттық бағдарлау бөлімінің қолдауымен 2017 жылдың 21 қаңтар күні Хан тоғайында өткен шаңғымен спорттық бағдарлаудан ашық чемпионатына облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Комета» және «Штурм» тобының үйірмешілері қатысты (жет. Беркінғалиев Ф. С.)

Қатысушылар төмендегідей көрсеткіштер бойынша өз жас ерекшелігінде жеңімпаз атанды:
ІІ орын - Сағыналин Ернұр «Штурм» тобы (М12)
ІІ орын - Жеңісов Азат «Комета» тобы (М14)
ІІІ орын - Нсанова Наргиза «Комета» тобы (W16)

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"