Нурманов Райлан Ерсайынұлы
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының спорттық бағдарлау бөлімінің меңгерушісі. 2002-2006 жылдар аралығында М.Өтемісов атындағы БҚМУ тамандаған. 2006-2012 жылдар аралығында Ақжайық аудандық туризм және экология орталығында қосымша білім беру педагогы қызметін атқарған. 2012 жылдан бері ОБЖТжЭО қызмет атқарып келеді. «Сұңқар», «Спорттық бағдарлаушы», «Эверест» үйірмелерінің жетекшісі. Үйірмешілер негізінен Технологиялық колледж оқушыларынан жасақталған. Үйірме сабақтары спорттық бағдарлау, жаяу туризм, шаңғы туризмі және тау туризмі бағыттарында жүргізіледі.
Басты мақсаттары:
• Оқушыларды спорттық бағдарлау үйірмесімен жүйелі айналысуға жаппай тарту;
• денсаулықты шыңдау;
• жан – жақты дене дайындығы;
• разрядты – спортшылар дайындау;
• спорттық бағдарлау бойынша төрешілер мен нұсқаушылар дайындау.
Спорттық бағдарлау спорттың бір түрі ретінде балаларға табиғатты танып білуде, денсаулықты шыңдауда, ой – өрісінің және физикалық жетілдіруге жағдай жасайды.
2018-2019
2017-2018
Күнтізбелік жоспары
Үйірмесінің бағдарламасы
Оқушылар тізімі
Фото учащихся кружка «Спорттық бағдарлаушы»