«Мұрагер»
Қайрлиева Құралай Жауынбайқызы -
екінші санатты қосымша білім беру педагогы, 21 жылдық педагогикалық өтілі бар.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Мұрагер» музейтану үйірмесі 2020 жылы 1 қыркүйектен бастап ашылды. Үйірмешілер Орал қалалық №26 жалпы орта білім беру мектебінің 4 а сынып оқушылары. Үйірмеге жыл басынан 14 оқушы жазылды, оның 6-ы ұл, 8-і қыз бала. Оқушылар сабаққа белсенді қатысады.
2020-2021 оқу жылы
2018-2019 II оқу жылы
2016-2017 I оқу жылы
КҮНТІЗБЕЛІК - ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
"Балаға мейірімді Қазақстан" республикалық форумына қатысу
2016 жылдың 22-24 қарашада ОБЖТжЭО-ның үйірмешілері атынан Республикалық «Менің Отаным - Қазақстан» слетінің жеңімпазы «Мұрагер» туристік-өлкетану үйірмесінің оқушылары Адилова Камила мен Құлымжанова Динара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ЮНИСЕФ-тің 70 жылдығына арналған «Балаға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар мен жасөспірімдердің Форум-фестиваліне қатысып келді. Форум шеңберінде балаларға сертификаттар табыс етіліп, қызықты кездесулер мен экскурсиялар ұйымдастырылған.
Мәңгілік Ел
2016 жылы 17 қыркүйекте «Мұрагер» туристік-өлкетану үйірмесінің оқушылары Мәңгілік Ел- Патриоттық АКТ-ң маңызын түсіндіру, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің Мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, байлығын қорғауға, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу мақсатында «Мен өз Отанымның патриотымын» атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты Қазақстанның бүгінгі жетістіктері туралы сараланып, қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын негіздейтін жаңа құжат - «Мәңгілік ел» Патриоттық акті туралы әңгімеленді. Оқушылар өлкетанушы, музейтанушы, өлкеміздің тәуелсіздіктен кейін жаңарғанына, қарыштап дамуына үлес қосушы талай жастардың бойына патриоттықтық рух дамытқан адам - Танабаева Сара Есқайырқызымен сұхбаттасты.
Балалар туризмі тарихы музейінің Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Тұңғыш Президентке арналған экспозициясы мен кітап көрмесі таныстырылды. Шараның соңында балалар Отан туралы әндер айтып, өлеңдер оқыды.
2015 жылы 14 - желтоқсан күні облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы «Мұрагер» өлкетану үйірмесінің (жетекшісі Қ.Қайрлиева) ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік Алашымның арманы» атты ашық мерекелік кеш өткізілді. Ән ұранмен басталған мерекелік кеш барысында үйірме оқушылары ұжымды Егемендігіміздің 24 жылдығымен құттықтап түрлі ән айтып, би биледі.Шара барысында еңбекте алда көрінген ұжым мүшелері алғыс хатпен және «Менің Отаным Қазақстан» мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары марапатталды.
«Самал» туристік лагеріндегі тамаша демалыс!
«Мұрагер» және «Жайық самалы» туристік-өлкетану үйірмесі 2016 жылдың 17 қаңтары күні «Самал» туристік лагеріне демалыс күнгі жорық жасады. Жорық кезінде шаңғы, коньки тебуді үйреніп, сырғанаққа сырғанады.Қысқы жорық кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстырылып, алғашқы медициналық көмек түрлерін үйренді. Қыс қызығына батқан үйірмешілер тіпті үйге қайтуға асықпады. Бізді көңілді қарсы алып, кәсіби көмек ұйымдастырған «Самал» ТЛ-нің меңгерушісі Б.А.Махметовке және А.М.Бармаковқа алғысымыз шексіз!
Балалар, тезірек «Самал» ТЛ-не келіңдер! Қызықтың бәрі сонда! Әрі денсаулығың шыңдалады, әрі көп нәрсе үйренесің!
«Мұрагер» үйірмесінің (№26 ЖОББМ) капитаны Төлепқалиев Манас.
Активный отдых в туристском лагере «Самал».
17 января 2016 года члены кружка «Мурагер», «Жайық самалы» совершили поход выходного дня в туристский лагерь «Самал». Методист туристского лагеря «Самал» рассказал о соблюдении техники безопасности при катании.
Во время похода мы катались с горки, учились кататься на коньках и лыжах. Нам очень понравилось в лагере, даже не хотелось идти домой. Мы выражаем огромную благодарность за организацию зимнего отдыха.заведующему туристского лагеря «Самал» Махметову Б.А. и методисту Бармакову А.
Капитан кружка «Мурагер» Толепкалиев Манас.