2023 жылғы 3-4 сәуір аралығында Алматы қаласында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы "Білім беруді трансформациялау: әзірлеу, бағалау және енгізу" атты тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізуге бастамашы болды. Осы іс-шараның негізгі мақсаты ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшылары мен жаттықтырушыларын тарта отырып, Қазақстанның жоғары, орта-арнаулы және жалпы білім беру мекемелерінің басшыларына осы саладағы тәжірибелерін ұсынып, сондай-ақ білім беру воркшоптары мен шеберлік сыныптары арқылы ТДМ туралы хабардарлықты арттыру болды.

Жобаға ЮНЕСКО мен мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстанның ЮНЕСКО клубтары, ҚР жоғары оқу орындары мен колледждерінің хатшылары мен басшылары, сондай-ақ Бангладеш, Вьетнам, Корея, Қырғызстан, Ливан, Малайзия, Непал, Ресей, Филиппин және басқа да елдердің халықаралық қатысушылары мен сарапшылары қатысты.

Қазақстан Республикасының 2023-2029 білім беру жүйесін дамыту жөніндегі жол картасын қалыптастырудың ағымдағы жүйесін назарға ала отырып, біздің өскелең ұрпақты дамыту мақсатында ТДМ саласындағы негізгі тәжірибені қабылдау арқылы, БҰҰ және ЮНЕСКО секілді ұйымдармен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы және қауымдастықтарының бірлесіп өзара іс-қимыл жасау қажеттілігі туындады.

Бұл жобаны жүргізу тұрақты даму мен "жасыл" білімге қол жеткізу мақсатында ТДМ туралы хабардарлықты арттыру, педагогтердің әлеуетін кеңейту және озық тәжірибелер шеңберінде тәжірибе алмасу үшін платформа құруға негіз болды.

Семинарға қатысушылар ТДМ бойынша іс-қимылдардың жаһандық бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру бойынша бастапқы міндеттемелерді қабылдауды ынталандырудың нүктесі деп таныды.

Осы іс-шараны іске асыру нәтижесінде ағымдағы жылдың 6 сәуірінде ҚР Ағарту министрлігі барлық мүдделі тараптардың қатысуымен кеңейтілген кеңес ұйымдастырды, онда ТДМ 4 шеңберінде білім беру жөніндегі ұлттық комитеттің жұмысын қалпына келтіру және тұрақты даму мүддесінде білім беруде нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін іс-шаралар жоспарын жасау жөніндегі бастапқы міндеттер айқындалды.

Жобаның ұйымдастырушылары ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросының білім беру секторы және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесе отырып, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы болды.

Жоба "Exxon Mobil Kazakhstan" компаниясы, "Holiday Inn Express" қонақ үйі және "Алматыгенплан" ғылыми-зерттеу институтының кең қолдауымен жүзеге асырылды.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"