«Жайық-Урал 2022» туристік-экологиялық экспедиция отрядтарының облыстық слетінің қорытындысы туралы А Қ П А Р А Т

Облыстық білім басқармасының 11 қазан 2022 ж. №811 бұйрығына сәйкес туристік-экологиялық экспедиция отрядтары мүшелерімен тәжірибе алмасу және оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында 2022 жылдың  1-3 қараша аралығында «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінде экспедиция отрядтарының облыстық «Жайық-Урал 2022» слеті өткізілді.   

Слет барысында командалар «Жайық-Урал 2022» туристік-экологиялық экспедициясының III кезеңінің қорытынды іздестіру-зерттеу жұмысы, «Орал өңірінің кіші өзендері» экологиялық-өлкетану экспедициясы, экологиялық акциялардың қорытындысы бойынша баяндамалар, І категориялы қиындықтағы Жайық – Урал маршруты бойынша қорытынды есептер байқауларына қатысты.  Слетқа 6 команда,  28 оқушы қатысты.   Әділқазылар шешімімен төмендегі командалар жеңімпаз болып танылды:

1.Оқушылардың «Жайық-Урал 2022» туристік-экологиялық экспедициясы III кезеңінің қорытынды іздестіру-зерттеу баяндамасы бойынша:

1 орын –  Қабдығали Ұлықбек, Тоғызбай Саят (Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы);

2 орын – Камаев Никита, Дәулет Армат («Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы);

3 орын – Билисан Ернұр (Ақжайық ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы);

  1. «Орал өңірінің кіші өзендері» экологиялық-өлкетану экспедициясы бойынша:

1 орын – Ибрашева Асем (Ақжайық ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы);

2 орын – Ажгереева Айзада (Шыңғырлау ауданының командасы);

3 орын – Қизатова Аяулым (Қаратөбе ауданының командасы);

  1. Экологиялық акциялардың қорытындысы бойынша:

1 орын – Закария Айару (Ақжайық ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы);

2 орын – Ажгалиева Жанна (Бөрлі ауданының жас туристер станциясы)                     

3 орын – Першина Юлия (Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы)                    

  1. І категориялы қиындықтағы «Жайық – Урал» маршрутының қорытынды есептері бойынша:

1 орын –  Утегалиев Нурали, Дәулет Азамат («Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы);

2 орын -  Қабдығали Ұлықбек, Тоғызбай Саят (Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы);

3 орын – Билисан Ернұр (Ақжайық ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы;).

Жалпыкомандалық есеп бойынша:

1орын -  Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы;                        

2 орын - Ақжайық ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы;

3 орын - Қаратөбе ауданының  балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы.

         Слеті бағыттары бойынша оқушылардың жұмысы бағаланып, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"