Облыстық білім басқармасының 11 қазан 2022 ж. №811 бұйрығына сәйкес туристік-экологиялық экспедиция отрядтары мүшелерімен тәжірибе алмасу және оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында 2022 жылдың 1-3 қараша аралығында «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінде экспедиция отрядтарының облыстық «Жайық-Урал 2022» слеті өткізілді.
Слет барысында командалар «Жайық-Урал 2022» туристік-экологиялық экспедициясының III кезеңінің қорытынды іздестіру-зерттеу жұмысы, «Орал өңірінің кіші өзендері» экологиялық-өлкетану экспедициясы, экологиялық акциялардың қорытындысы бойынша баяндамалар, І категориялы қиындықтағы Жайық – Урал маршруты бойынша қорытынды есептер байқауларына қатысты. Слетқа 6 команда, 28 оқушы қатысты. Әділқазылар шешімімен төмендегі командалар жеңімпаз болып танылды:
1.Оқушылардың «Жайық-Урал 2022» туристік-экологиялық экспедициясы III кезеңінің қорытынды іздестіру-зерттеу баяндамасы бойынша:
1 орын – Қабдығали Ұлықбек, Тоғызбай Саят (Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы);
2 орын – Камаев Никита, Дәулет Армат («Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы);
3 орын – Билисан Ернұр (Ақжайық ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы);
- «Орал өңірінің кіші өзендері» экологиялық-өлкетану экспедициясы бойынша:
1 орын – Ибрашева Асем (Ақжайық ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы);
2 орын – Ажгереева Айзада (Шыңғырлау ауданының командасы);
3 орын – Қизатова Аяулым (Қаратөбе ауданының командасы);
- Экологиялық акциялардың қорытындысы бойынша:
1 орын – Закария Айару (Ақжайық ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы);
2 орын – Ажгалиева Жанна (Бөрлі ауданының жас туристер станциясы)
3 орын – Першина Юлия (Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы)
- І категориялы қиындықтағы «Жайық – Урал» маршрутының қорытынды есептері бойынша:
1 орын – Утегалиев Нурали, Дәулет Азамат («Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы);
2 орын - Қабдығали Ұлықбек, Тоғызбай Саят (Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы);
3 орын – Билисан Ернұр (Ақжайық ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы;).
Жалпыкомандалық есеп бойынша:
1орын - Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы;
2 орын - Ақжайық ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы;
3 орын - Қаратөбе ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы.
Слеті бағыттары бойынша оқушылардың жұмысы бағаланып, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.