Екінші жарты жылдықта диагностика онлайн түрінде өткізілді.

Жыл сайын оқу жылына 2 рет облыстық балалар - жасөспірімдер туризмі және экология орталығының үйірмешілерінің арасында педагог-психолог маманы оқушылар бойындағы агрессияны анықтауға арналған диагностика жүргізеді. Екінші жарты жылдықта диагностика онлайн түрінде өткізілді.
Үйірмешілер арасында жүргізілген диагностика қорытындысы бойынша жыл басында агрессияның орташа дәрежесі бар "қауіп тобындағы" болған балалар,жыл соңына қарай агрессияның төмен деңгейіне өзгергенін көрсетеді. Бұл туристік-өлкетану үйірмесі балаларға жағымды, оң әсер ететінінің тағы бір дәлелі.

Қазіргі таңдағы жаһандық ақпараттандырудың ғасырында балалар бір-бірімен, табиғатпен тірі қарым-қатынас жасаудың жетіспеушілігін бастан кешіруде. Компьютер мен теледидар экрандарында уақыт өткізу олардың гиподинамиясын өсіріп және денсаулыққа байланысты кері әсерін тудырады. Ал туристік-өлкетану үйірмесінің балаларының  үйде отырып бос  уақыттарын зая кетіретін мүмкіндіктері жоқ десекте болады. Өйткені:біздің үйірмелерімізбен балалар  қоршаған ортаны тікелей табиғатта, серуендеу және экскурсиялар, әр түрлі жорықтар мен туған өлкеге экспедициялар кезінде белсенді қозғалыста зерттейді.

Нәтижесінде балалардың ой-өрісі кеңейіп, ойлау қабілеті жақсарады. Бала ұжымда ұзақ уақыт бойы жүріп, қарым-қатынас жасауды және басқа балалармен тіл табысып олармен ортақ қызығушылықтарымен  бөліседі. Балалардың туристік топта міндеттерін орындауы олардың жауапкершілік сезімін, іскерлік өзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Топта түрлі лауазымдарды атқару: кезекші, бақылаушы, фотограф, ұста және т.б., оларға түрлі мамандықтарды уақытша болсын игеруге мүмкіндік береді. Көп күндік жорықтар кезінде табиғи жағдайларда автономды болу балалардың табиғатта өмір сүру дағдыларын меңгеруіне, олардың дербестігін қалыптастыруға ықпал етеді. Жорықта табиғи кедергілерден өту балаларды рухани шыңдайды, олардың ерік күшін нығайтады.
Оқу жылы бойы үйірмешілермен жиналған ақпараттар оқушылардың ой-өрісін дамытуда, олардың зейінін  кеңейтуде маңызы зор. Балалар қызығушылықтары оянып,  өз қаласы, туған өлкесі туралы неғұрлым жаңа және қызықты ақпарат алуға ынталанды.Осылайша тұрақты танымдық қызығушылық пайда болады. Міне бұл туристік-өлкену үйірмесінің балаларға берер пайдасының тек бір бөлшегі ғана, біз үйірмешілеріміздің  жақсы жаққа өзгеріп жыл сайынғы жоғары деңгейдегі көрсеткіштеріне қуаныштымыз. Барлық балаларға жазғы демалыстарын жақсы өткізуге және келесі оқу жылына жаңа күшпен жаңа серпіліспен келулеріне  тілектеспіз!

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"