Сүйінші! Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығында «Батыс Қазақстан облысындағы туристік-өлкетану қызметінің әдістемесі» атты кітабы жарық көрді.
Кітап оқу-әдістемелік құрал түрінде жазылды. Кітаптың авторы – Фомин Виктор Павлович. Ол Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығын отыз үш жыл бойы басқарған, педагогика ғылымдарының кандидаты, республикалық қосымша білім беру ұйымдары директорларының үйлестіру кеңесінің төрағасы және А.А.Остапец-Свешников атындағы Халықаралық балалар-жасөспірімдер туризм және өлкетану академиясының вице-президенті болған.
Кітаптың рецензенттері:
- Абдулхаиров Абжемиль Закерьянович, Қырым инженерлік-педагогикалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.А.Остапец-Свешников атындағы Халықаралық балалар–жасөспірімдер туризм және өлкетану Академиясының академигі.
- Мазбаев Орденбек Блисбекович, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, «ҚазақСақ» компаниясының директоры.
Кітаптың мақсаты: орталық педагогтарының жылдар бойы жасақталған туристік-өлкетану қызметінің бай теориясы мен әдістемесін жас ұрпаққа жинақтап жеткізу.
Оқу-әдістемелік құрал мектептегі туристік-өлкетану қызметі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және өткізу әдістемесі, оқу-әдістемелік қызмет, экскурсиялық қызмет, балалардың демалысын ұйымдастыру және өткізу, жорықтар кезіндегі қауіпсіздік, кітапхана, медицина және педагог-психологиялық қызмет т.б. 15 тараудан, 652 беттен тұрады, әрі Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасына тіркелген (УДК 908, ББК 26.89, М 54).
Ұсынылып отырған оқулықта материалдар түсінікті және жүйелі түрде ұсынылған. Жұмыстың тараулары сызба, сурет және кестелермен толықтырылды. Жұмыста көрнекті ғалым, педагог А.А.Остапец-Свешниковтың жеке тұлғаны туристік-өлкетану құралдарымен тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі пайдаланылды. Материалдар мен фотоматериалдар облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталғының мұрағатынан алынды. Кітапта баяндалған материалдар іс жүзінде жасалған тәжірибеден алынған. Көптеген жылдар бойы ұжым туристік-өлкетану қызметі бойынша азаматтық-патриоттық, рухани және дене тәрбиесіне тәрбиелеу құралдары мен әдістерінен мол арсенал жинақтады.
Бұл әдістемелік құрал қосымша білім беру педагогтері үшін сөзсіз қызығушылық туғызады. Кітаптың жаңа бөлімдерінен практик - педагогтар өздері үшін көптеген тәжірибелер табады.
Кітапты құрастыруда орталықтың әдіскері Н.С.Досқалиева жұмыстанды.
Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы белсенді азаматтық ұстанымы үшін, кітапты басып шығаруға көмек бергені үшін «Отделстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс-коммерциялық фирмасы басшысы Валентина Павловна Михноға алғыс білдіреді.