Бірыңғай педагогикалық кеңес

Барлық білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» Патриоттық Актісін жүзеге асыру барысында патриоттық тәрбие берудегі туристік-өлкетану қызметінің ролі» тақырыбында бірыңғай педагогикалық кеңес
27 наурыз 2017 жыл

«Мәңгілік Қазақстан» жобасы ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті» Н.Ә.Назарбаев

Мәңгілік Ел ұғымы ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы, тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін –тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.
«Мәңгілік ел» Патриоттық Актісінде белгіленген өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерінжүзеге асырудың басым бағыттарының бірі - туристік-өлкетану қызметі.
Осыған орай, ағымдағы жылғы 27 наурызда сағат 10.00-де облыстың барлық білім беру ұйымдарында жергілікті атқарушы, білім беру бөлімдері мен білім басқармасы, БАҚ, басқа да мүдделі органдар қызметкерлерінің қатысуымен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру барысында патриоттық тәрбие берудегі туристік-өлкетану қызметінің ролі» тақырыбында «Бірыңғай педагогикалық кеңес» өткізіледі.
«Бірыңғай педагогикалық кеңес» облысымыздағы білім саласының оқу-тәрбие үрдісіндегі ізденіс жолдарының бірі.
Аталған педагогикалық кеңес балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіндегі келеңсіз жәйттардың алдын алу жұмысын белсендіріп, олардың бос уақытын ұйымдастыру жұмысын да жетілдіретіні сөзсіз.

 

Бірыңғай педагогикалық кеңесте талқыланған мәселелер / Вопросы, обсуждавшиеся на Едином педагогическом совете

Жинақ мазмұны / Содержание сборника

Бірыңғай педагогикалық кеңесінің хаттамалық шешімі / Протокольное решение единого педагогического совета

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"