Тасқала аудандық білім бөлімінің
«Жас туристер станциясы»
Аудан көлемінде туристік-өлкетану жұмысын жандандыру, мектеп оқушыларын қосымша біліммен қамту арқылы бала бойында адамгершілік, табиғатқа сүйіспеншілік, кішіпейілділік, қамқорлық қасиеттерін айқындауда туризмнің ролі өте зор екені мәлім. Туризммен қамтылған оқушының табиғатқа, дүниеге деген көзқарасы жолдастарының, ұстаздарының көз алдында оң бағытқа өзгеретінін байқадық. Бастаған ісіміздің нәтижесін көру үшін, өз ісіне шын жүректен берілген туризммен оқушыларымызды сусындататын ұстаздарымызға жағдай жасауымыз керек. Сол жұмысты жандандыру үшін Тасқала аудандық әкімияты Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жас туристер станциясы» МКҚК Тасқала аудандық әкімиятының 2006 жылы 25 желтоқсандағы № 344 қаулысының негізінде құрылды.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты білім беру саласында туризм бойынша, туризм негіздерін игеру, жеке тұлғаның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір негіздерін қалыптастыру білім бағдарламаларын игеруге жағдай жасау жолымен кәсіптік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру.
«Жас туристер станциясының»
Міндеттері
- Мектептен тыс білім беру, оқушыларды туризм, өлкетану және экология саяхат құралдары арқылы тәрбиелеу;
- Туристік жорықтар мен ғылыми экспедициялар ұйымдастыру;
- Далалық жазғы шатырлы лагерін ұйымдастыру;
- Аудан мектептерінің туризм, өлкетану, экология жетекшілерін дайындау;
Мақсаты
- Рухани, жан-дүниесі бай, туристік-экологиялық мәдениеті жоғары Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу;
Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы
Тасқала ауылы Молодежный-4а.
Оқыту жүйесі: Мектептен тыс қосымша білім беру.
Нарымбаев Бейбіт Маратұлы
“Жас туристер станциясының” директоры