Ақжайық ауданы

present1

Ақжайық аудандық туризм және экология орталығының мекен-жайы: Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 53А.
Орталық директоры:  Үмбеталиев Максим Жаншаұлы
Телефон/факс: 871136-91612
E-mail: akzhturizm@mail.ru

Ақжайық аудандық туризм және экология орталығы 5 қазан 2005 жылы аудан әкімінің шешіміне сай жаңа мекеме болып ашылды.
Бүгінде орталықтың қосымша білім беру педагогтары балаға дәріс беріп, жас жеткіншектерді туристік - өлкетану жұмысының қыр – сырын үйретуде. Аудан бойынша балалар туризмін дамытуда.
Жоспар бойынша 4 бағытта жұмыстанамыз.
1.Туризм үйірмелері;
2. Экология үйірмелері;
3. Өлкетану үйірмелері;
4. Оқушылардың жазғы демалысы;
Аудан бойынша 2775 оқушы үйірмемен қамтамыз етіледі, барлық оқушы санының 33%, АТжЭО –да - 480 (7,3 %) қамтылған.
Аудан бойынша қосымша білім саласында жалпы педагог саны - 77. (оның ішінде 13 педагог АТжЭО, қалған педагог аудан мектептерінен), жоғарғы білімді педагог саны-72 (93,5 пайыз), орта кәсіптік білімді-5 (6,5 пайыз).
АТжЭО бойынша барлығы 13 педагог- оның 13 - жоғары білімді (100%). Санаттар бойынша жоғары санатты педагог саны -1, бірінші санатты -1, екінші санатты-3, санатсыз -8, 2012-2013 оқу жылында барлық мектептер бойынша 6 педагог қосымша білім беру саласы бойынша ІІ санатқа санаттарын көтерді.
І,ІІ қиындық санатты жорықтар жасалды.
Мақсаты:
Оқушыларға қосымша білім беру түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заңы), «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына және осыған Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінің №228 бұйрығына сәйкес әзірленген және балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қызметінің тәртібін айқындайды. 2. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы – білім алушылардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың, жеке адамның, қоғам мен мемлекет мүддесіндегі білім беру және мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы. Ұйым мүшелерін туризм, экология, өлкетану үйірмелері арқылы ұжымдық сезімін дамыту және туризм арқылы өзін- өзі тануға жағдай жасау. Жаңа технологиялардың көмегімен сапалы білім беру арқылы жорықтар, сайыстар, саяхаттар, экскурсиялар, экспедициялар ұйымдастыру, ұйым мүшелерінің қызығушылықтарын ояту. Жеке тұлғаны тәрбиелеу және қалыптастыру, соның ішінде саналылықты, азаматтылықпен, патриоттылықты, Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті, халық тарихын, салт – дәстүрін дәріптеу арқылы балаларға шығармашылықпен жұмыс жасауына көмектесу. Міндеттері:
1. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың қызығушылығына орай сұраныстарын толық қанағаттандыру.
2. Әлеуметтік және кәсіби қалыптасуына педагогикалық қолдау көрсету. Қазіргі қоғам талаптарына сәйкес өмір мен еңбекке дайындау.
3. Шығармашыл ойлай білетін ұлттық сана – сезімі жоғары, жалпы адами құндылықтарға бай (отансүйгіштік, толеранттық) тұлға ретінде тәрбиелеу.
4. Өзінің туған жерінің тарихын зерделеген, табиғатына жанашыр, ұжымда қалыпты жұмыс жасайтын дені сау азаматты қалыптастыру.
5. Әлеуметтік жағдайы нашар немесе тәрбиесі қиын балалармен жеке тәрбие жұмысын жүргізу, оларды әлеуметтік белсенді тұлға ретінде қалыптастыру.
6. Тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыру арқылы балалардың арасында құқық бұзу фактілерін азайту.
7. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру. Туристік – өлкетану және экологиялық экспедициялар, жорықтар арқылы олардың дүниетанымын кеңейту.

АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕРІ

Қосыша білім беру педагогтарының жалпы саны – 90 педагог
Үйірмеге қамтылған оқушылардың жалпы саны – 2775 оқушы Туризм үйірмесінің жалпы саны – 36
Экология үйірмесінің жалпы саны – 24
Өлкетану үйірмесінің жалпы саны – 30 Туризм үйірмесіне қамтылған оқушылардың жалпы саны – 1155 оқушы
Экология үйірмесіне қамтылған оқушылардың жалпы саны – 705 оқушы
Өлкетану үйірмесіне қамтылған оқушылардың жалпы саны – 915 оқушы Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері - 2
ҚР еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы - 1
Жоғарғы санатты қосымша білім беру педагогі – 1 І санатты қосымша білім беру педагогі – 1
ІІ санатты қосымша білім беру педагогі – 9

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ БОЙЫНША ТУРИЗМ, ӨЛКЕТАНУ, ЭКОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ

1. 2014-2015 оқу жылында үйірме санын 100-ге жеткізу;
2. 2013-2014 оқу жылында балабақшаларда туризм үйірмелерін ашу;
3. Аудан бойынша барлық ОЖББМ-ге туристік құрал-саймандар алып беру(2014-2015 ж.ж.);
4. Коловертное елді мекеніндегі нысананы ағымдағы жөндеуден өткізіп, туристік-өлкетанулық кешен ретінде пайдалануға беру (2015 ж.);
5. Әр ОЖББМ-де мектепішілік мұражайлар ашу (2014-2015 ж.ж.);
6. «Ақжайық» балалар саяхат кешенін күрделі жөндеуден өткізіп, 200 бала демалатын жатақаналар салып облыс деңгейіндегі нысанаға айналдыру (2014-2015 ж.ж.);
7. 10 ОЖББМ-ге жасанды құз салып, республикалық және халықаралық жарыстарға қатынасу (2015-2017 ж.ж.);
8. Аудан бойынша туристік-өлкетанулық-экологиялық бағдарлар дайындап, оған халықаралық деңгейдегі туристерді қабылдау (2013-2014 ж.ж.);
9. М. Жумаев ат. тау туризмі турнирін, Ф. Сыдыков ат. жаяу туризм турнирін облыстық, республикалық және халықаралық деңгейге жеткізу (2013-2018 ж.ж.)
10. Аудан бойынша түйе, ат туризмін дамыту (2015-2016 ж.ж.)

forum1
forum2 forum3

forum4 forum5 forum6 present2

 
 
 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"