Облыстық «Жас құтқарушы» слетінің қорытынды ақпараты

Облыстық «Жас құтқарушы» слетінің қорытынды ақпараты

 

Білім басқармасының 2026 жылғы 21 сәуірдегі  №348 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың  20-22 мамыр күндері Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасы және  БҚО Төтенше жағдайлар Департаментінің қолдауымен облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының  ұйымдастыруымен Орал қаласы «Евразия» туристік кешенінде облыстық «Жас құтқарушы» слеті өткізілді.

Мақсаты: жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларын жан-жақты дамыту мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға дайындау.

Жарысқа 11 ауданнан және Орал қаласынан барлығы 128 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы Қаратөбе, Бөрлі аудандарының және Орал қаласының жақсы дайындықтарын атап өтті. Бөкей ордасы ауданының командасы жарысқа қатыспады.

Жарыс бағдарламасына сәйкес «Визит карточкасы», «Саптық дайындық», «Алғашқы көмек көрсету» байқаулары және «Өрт эстафетасы», «Авариялық-құтқару жұмыстары», «Іздестіру-құтқару жұмыстары», «Су айдынындағы құтқару жұмыстары» қашықтықтары бойынша өткізілді.

Жарыстың қорытындысына сай нәтиже төмендегідей: 

«Визит карточкасы» байқауының жеңімпаздары: 

І орын – Орал қаласының командасы;

ІІ орын – Бөрлі ауданының командасы;

ІІІ орын – Шыңғырлау ауданының командасы.

 «Саптық дайындық» байқауының жеңімпаздары: 

І орын – Қаратөбе ауданының командасы;

ІІ орын – Жәнібек ауданының командасы;

ІІІ орын – Шыңғырлау ауданының командасы.

   «Алғашқы көмек көрсету» байқауының жеңімпаздары:

І орын – Ақжайық ауданының командасы;

ІІ орын – Орал қаласының командасы;

ІІІ орын – Теректі ауданының командасы.

«Өрт эстафетасы» қашықтығының жеңімпаздары: 

І орын – Қаратөбе ауданының командасы;

ІІ орын – Сырым ауданының командасы;

ІІІ орын – Орал қаласының командасы.

 «Авариялық-құтқару жұмыстары» қашықтығының жеңімпаздары:

І орын – Бөрлі ауданының командасы;

ІІ орын – Орал қаласының командасы;

ІІІ орын – Сырым ауданының командасы.

«Іздестіру-құтқару жұмыстары» қашықтығының жеңімпаздары:

І орын – Қаратөбе ауданының командасы;

ІІ орын – Сырым ауданының командасы;

ІІІ орын – Ақжайық ауданының командасы.

 

«Су айдынындағы құтқару жұмыстары» қашықтығының жеңімпаздары:

І орын – Казталов  ауданының командасы;

ІІ орын – Қаратөбе ауданының командасы;

ІІІ орын – Ақжайық ауданының командасы.

Жалпы командалық сынақ бойынша жеңімпаздар:

І орын – Қаратөбе ауданының командасы;

ІІ орын – Орал қаласының командасы; 

ІІІ орын –Бөрлі ауданының командасы.

Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдары, медальдары кубогтері және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. 

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"