IX облыстық жас геологтар слетінің қорытындысы туралы ақпарат

IX облыстық жас геологтар слетінің

қорытындысы туралы ақпарат

 

         Білім басқармасының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, дарынды және талантты балаларды анықтау, қазақстандық геология ғылымының үздік іс-тәжірибелерін жетілдіру, геологияны дамыту мақсатында Бәйтерек ауданының Шалғай ауылында 2026 жылдың 13-15 мамыр күндері аралығында IX облыстық жас геологтар слеті өткізілді. 

Слетке облыс  аудандарының 5 командасы қатысты. Барлық қатысушылар саны – 50. Қазылар алқасы Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті. Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Тасқала, Сырым, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласының командалары  слетке қатыспады.

Слет 2 бөлімнен тұрды: геологиялық жарыс және геологиялық байқау. Геологиялық жарыс: геологиялық маршрут, геологиялық кесік, минералогия және петрография, палеонтология, гидрометрия және өңдеуді байқап көру, қауіпсіздік техникасы негіздері және далада тұруды ұйымдастыру. Геологиялық байқау: «Геология және біз» көрмесі,  тастардан түрлі бұйымдар жасау, геологиялық фотосуреттер және суреттер, геологиялық нысанның сипаттамасы, геологиялық есеп.

         Слет республикалық геологиялық олимпиада ережелері бойынша өткізілді. Слеттің әділқазы алқасы геология және экология саласындағы Батыс Қазақстан облысының ғылыми мамандарынан құралды. Якименко Галина Алексеевна - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген геологі, БҚО «Сармат» құрама командасының ғылыми жетекшісі, Купешева Алтынай Сахыпкеревна - Индустриалды-технологиялық институтының аға оқытушысы, Якупова Джамиля Болатовна – геология-минерология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы қатысты.

         Төмендегідей жүлделі орындар бөлінді:

«Геологиялық маршрут» жарысы:

1 орын – Бөрлі ауданының жас туристер станциясы;

2 орын – Ақжайық ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы;

3 орын – Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы.

«Геологиялық кесінді» жарысы

1 орын –  Ақжайық ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы;

2 орын – Бөкей ордасы ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы;

3 орын – Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы.

«Минералогия и петрография» жарысы:

1 орын – Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы;

2 орын – Бөрлі ауданының жас туристер станциясы;

3 орын –Ақжайық ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы.

«Палеонтология» жарысы:

1 орын – Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы;

2 орын – Бөрлі ауданының жас туристер станциясы;

3 орын - Бөкей ордасы ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы.

«Гидрометрия» жарысы:

1 орын – Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы;

2 орын – Ақжайық ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы;

3 орын – Бөкей ордасы ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы.

«Өңдеуді байқап көру» жарысы:

1 орын Бәйтерек аудандық жас туристер станциясы;

2 орын  - Бөрлі ауданының жас туристер станциясы;

3 орын – Теректі ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы.

«Қауіпсіздік техникасы негіздері» жарысы

1 орын – Ақжайық ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы;

2 орын – Бәйтерек аудандық жас туристер станциясы;

3 орын – Теректі ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы.

«Далада тұруды ұйымдастыру» жарысы:

1 орын – Ақжайық ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы;

2 орын – Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы;

3 орын – Бөрлі ауданының жас туристер станциясы.

 «2 жылдық геологиялық есеп» байқауы

1 орын – Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы;

2 орын – Бөрлі ауданының жас туристер станциясы;

3 орын - Ақжайық ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы.

«Сурет» байқауы

1 орын Ақжайық ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы;

2 орын – Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы;

3 орын – Теректі ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы.

«Геологиялық нысанның сипаттамасы» байқауы

2 орын – Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы;

3 орынБөрлі ауданының жас туристер станциясы.

«Геология және біз» көрмесі

1 орын – Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы;

2 орын – Бөрлі ауданының жас туристер станциясы;

3 орын - Ақжайық ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы.

«Фотография» байқауы

1 орынБөрлі ауданының жас туристер станциясы;

2 орын Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы;

3 орын - Ақжайық ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы.

«Тастардан ұсақ-түйек түрлі бұйымдар жасау» байқауы

1 орын – Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы;

2 орын – Бөрлі ауданының жас туристер станциясы;

3 орын - Ақжайық ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы.

Жалпы командалық есеп:

1 орын – Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы;

2 орын – Бөрлі ауданының жас туристер станциясы;

3 орынАқжайық ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы.

         Слет бағыттары бойынша оқушылардың жұмысы бағаланып, БҚО білім басқармасының грамоталары және сыйлықтармен марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"