«Жас ұлан» әскери-спорттық ойынның облыстық кезеңінің
қорытынды ақпараты
Білім басқармасының 2026 жылғы 30 сәуіріндегі № 366 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 13 – 15 мамыр аралығында «Евразия» ТК аумағында «Жас ұлан» әскери-спорттық ойынның облыстық кезеңі өткізілді.
Мақсаты: балаларды патриоттық және әдептілік рухта тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыстың мазмұнын жетілдіру, жастардың Отанға қатысты азаматтық және адамгершілік ұстанымын қалыптастыру, балаларды қосымша біліммен қамту.
Ойынның облыстық кезеңіне аудандық (қалалық), облыстық білім беру мекемелері, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының жеңімпаздары қатысты. Жас ерешеліктері: 15-16 жастағы оқушылар (2010-2011т.ж.) – 7 ұл, 2 қыз.
Ойын 6 бағыт бойынша өткізілді: «Саптық және әндер» байқауы, «Тарихи-іздеу зерттеу жобасын қорғау» номинациясы, «Атыс даярлығы», «Әскери кросс», «Кермеге тартылу» және «Арқамен жатып денені жерден көтеріп түсіру» қашықтықтары.
Ойынға облыс аудандарының 4 командасынан (Бөкей ордасы, Бәйтерек, Бөрлі, Жәнібек аудандары) 36 мектеп оқушысы қатысты. Ойынның облыстық кезеңіне Ақжайық, Бәйтерек, Қаратөбе, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласының командалары қатыспады.
Ойынның облыстық кезеңі келесі байқаулар мен сайыс түрлері бойынша өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:
«Атыс даярлығы» ( жекелей қыз балалар арасында)
1 орын – Алишева Алтынай (Бөкей ордасы ауданы, М.Мәметова ат.ЖОББМ);
2 орын – Қуанышқали Айсезім (Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №7 ЖОББМ);
3 орын – Ерболат Бақытнұр (Сырым ауданы, А.Жұмағалиев ат.МББК).
«Атыс даярлығы» ( жекелей ұл балалар арасында)
1 орын – Сериков Арсен (Бөкей ордасы ауданы, М.Мәметова ат.ЖОББМ);
2 орын – Мұфтолла Нұрдос (Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ЖОББМ);
3 орын – Тоқтамыс Абылай (Сырым ауданы, Талдыбұлақ МББК).
«Атыс даярлығы» ( командалық есеп)
1 орын – Бөкей ордасы ауданының командасы;
2 орын – Бөрлі ауданының командасы;
3 орын – Сырым ауданының командасы.
«Тарихи-іздеу зерттеу жобасын» қорғау
1 орын – Сақтаған Кәусар (Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ЖОББМ);
2 орын – Жұмагелді Перизат (Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №7 ЖОББМ);
3 орын – Алишева Алтынай (Бөкей ордасы ауданы, М.Мәметова ат.ЖОББМ).
«Саптық және әндер байқауы»
1 орын – Бөкей ордасы ауданының командасы;
2 орын – Бөрлі ауданының командасы;
3 орын – Жәнібек ауданының командасы.
«Кермеге тартылу» сайысы (жекелей)
1 орын – Сериков Али (Сырым ауданы, Ж.Досмұхамедов ат.МББК);
2 орын – Мұрадым Айдос (Бөкей ордасы ауданы, М.Мәметова ат.ЖОББМ);
3 орын – Серік Исламбек (Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №7 ЖОББМ).
«Арқамен жатып денені жерден көтеріп түсіру» (жекелей)
1 орын – Жұмагелді Перизат (Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №7 ЖОББМ);
2 орын – Юнус Нұрсая (Сырым ауданы, Қособа МББК);
3 орын – Ерболат Бақытнұр (Сырым ауданы, А.Жұмағалиев ат.МББК).
«Әскерилендірілген кросс» (жекелей қыз балалар арасында)
1 орын – Жұмагелді Перизат (Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №7 ЖОББМ);
2 орын – Қуанышқали Айсезім (Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №7 ЖОББМ);
3 орын – Ерболат Бақытнұр (Сырым ауданы, А.Жұмағалиев ат.МББК).
«Әскерилендірілген кросс» (жекелей ұл балалар арасында)
1 орын – Сансызбай Сұлтан (Бөкей ордасы ауданы, М.Мәметова ат.ЖОББМ);
2 орын – Мұрадым Айдос (Бөкей ордасы ауданы, М.Мәметова ат.ЖОББМ);
3 орын – Серік Исламбек (Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №7 ЖОББМ).
«Әскерилендірілген кросс» (командалық есеп)
1 орын – Бөрлі ауданының командасы;
2 орын – Бөкей ордасы ауданының командасы;
3 орын – Сырым ауданының командасы.
«Жалпы командылық есеп»
1 орын – Бөкей ордасы ауданының командасы;
2 орын – Бөрлі ауданының командасы;
3 орын – Сырым ауданының командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі грамоталарымен, алғыс хаттарымен, медальдарымен және командалық кубоктарымен марапатталды.






