Мектеп оқушылары арасында «Бағдаршам – 2026» жас жол инспекторларының жасақтары облыстық слетінің қорытындысы туралы ақпарат

 Мектеп оқушылары арасында «Бағдаршам – 2026» жас жол инспекторларының жасақтары облыстық слетінің қорытындысы

туралы ақпарат

 

     Білім басқармасының 2026 жылғы 17 сәуіріндегі № 328 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 4 – 6 мамыр аралығында «Евразия» ТК аумағында  «Мектеп оқушылары арасында «Бағдаршам – 2026» жас жол инспекторларының жасақтары облыстық слеті» өткізілді.

Мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол – көлік оқиғалары мен жарақаттануының алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру және проблемаларына мүдделі мекемелердің, ұйымдар мен жұртшылықтың назарын аудару, облыс құрамасын жасақтау.

Ұйымдастырушылар: «Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті» ММ және «Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы» МКҚК.

Слетке облыс аудандары мен Орал қаласының командаларынан 63 қатысушымен 9 команда қатысты. Бөкей ордасы, Жаңақала, Тасқала және Шыңғырлау аудандарының командалары қатыспады. Слет төрешілері Бәйтерек, Жәнібек, Ақжайық аудандары командаларының жақсы дайындықтарын атап өтті.

Слет бағдарламасы 7 байқаудан тұрады:  «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлер» байқауы, «Жас реттеуші» байқауы,  «Үгіт-насихат бригадаларының» байқауы, «Велосипедті мәнерлеп жүргізу» қашықтығы, «Автоқалада велосипед жүргізу» қашықтығы, Эрудиттер турнирі, «Жас санитар» байқауы.

Облыстық  слет келесі байқаулар мен сайыс түрлері бойынша өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

             «Жол жүрісі қағидасының білгірлері»

1 орын – Бәйтерек ауданының командасы;

2 орын – Ақжайық ауданының командасы;

3 орын – Теректі ауданының командасы.

             «Жас реттеуші»

1 орын –  Габбасова Аймира (Жәнібек ауданы);

2 орын – Рахметолла Алихан  (Бөрлі ауданы);

3 орын – Камидолла Арман (Сырым ауданы).

             «Эрудиттер турнирі» бойынша

1 орын –Бәйтерек ауданының командасы;

2 орын – Жәнібек ауданының командасы;

3 орын – Казталов ауданының командасы.

             «Автоқалада велосипед жүргізу» (ұлдар арасында)

1 орын – Мақсот Мадияр (Бәйтерек ауданы);

2 орын – Шаяхмет Манас (Казталов ауданы);

3 орын – Азаматұлы Аңсар (Жәңібек ауданы).

             «Автоқалада велосипед жүргізу» (қыздар арасында)

1 орын – Баймухамбет Айару (Теректі ауданы);

2 орын – Муляр Мария (Бөрлі ауданы);

3 орын – Бекмачева Аружан (Бәйтерек ауданы).

               «Автоқалада велосипед жүргізу» (Командалық есеп)

1 орын – Бәйтерек ауданының командасы;

2 орын – Теректі ауданының командасы;

3 орын – Бөрлі ауданының командасы.

             «Велосипедті мәнерлеп жүргізу» (ұлдар арасында)

1 орын – Сағынбай Нұрасыл (Бәйтерек ауданы);

2 орын – Қайырболат Асет (Ақжайық ауданы);

3 орын – Ахмет Азамат (Бөрлі ауданы);

             «Велосипедті мәнерлеп жүргізу» (қыздар арасында)

1 орын – Жалмуханова Зарина (Ақжайық ауданы);

2 орын – Мұхтар Әмина (Бәйтерек ауданы);

3 орын – Алибекова Айзере (Сырым ауданы);

             «Велосипедті мәнерлеп жүргізу» командалық есеп

1 орын – Ақжайық ауданының командасы;

2 орын – Бәйтерек ауданының командасы;

3 орын – Бөрлі ауданының командасы.

              «Жас санитар байқауы»

1 орын – Бәйтерек ауданының командасы;

2 орын – Ақжайық ауданының командасы;

3 орын – Сырым ауданының командасы.

              «Үгіт насихат бригадаларының байқауы»

1 орын – Бәйтерек ауданының командасы;

2 орын – Жәңібек ауданының командасы;

3 орын – Орал қаласының командасы.

            «Жалпы командылық орын»

1 орын – Бәйтерек ауданының командасы;

2 орын – Жәңібек ауданының командасы;

3 орын – Ақжайық ауданының командасы.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі грамоталарымен, алғыс хаттарымен, медальдарымен және командалық кубоктарымен марапатталып, БҚО Полиция департаментінің сыйлықтары табыс етілді.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"