«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық
жасақтардың облыстық слетінің қорытындысы
Білім басқармасының 2026 жылғы 19 наурыздағы №244 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 28-30 сәуір күндері «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті «Евразия» ТК-де өткізілді.
Мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды қосымша біліммен қамту.
Слетке аудандық және қалалық кезеңдері жеңімпаздары- жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты: 12 аудан мен Орал қаласының командалары, барлығы 138 адам. Қатысушылардың жасы: 12-16 жастағы білім алушылар (2010-2014 ж.т).
Слет 5 бағыт бойынша өткізілді: «Спорттық бағдарлау» мен «Туристік кедергілер жолағы» қашықтықтары, «Туристік әндер», «Менің Кіші Отаным» балалар туризмі туралы үздік бейнеролик және «Ең үздік экспедициялық жоба» бауйқаулары.
Әділқазылар Сырым, Ақжайық, Қаратөбе аудандары командаларының жоғары деңгейдегі дайындықтарын атап өтті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:
«Туристік әндер байқауы» байқауы:
І орын – Олжағали Мансур (Қаратөбе ауданы);
ІІ орын – Талғатқызы Айсәуле (Казталов ауданы);
ІІІ орын – Жанболатова Бақнұр (Сырым ауданы)
«Менің Кіші Отаным» балалар туризмі туралы үздік бейнеролик байқауы:
І орын – Сабитов Саят (Сырым ауданы);
ІІ орын – Хайрат Нұрдана (Казталов ауданы);
ІІІ орын – Сағидоллақызы Сезім (Бөкей Ордасы ауданы)
«Ең үздік экспедициялық жоба» байқауы:
І орын – Тельман Айдын (Ақжайық ауданы);
ІІ орын – Мақсот Дәулет (Казталов ауданы);
ІІІ орын – Қуаныш Айхан (Сырым ауданы).
«Туристік кедергілер жолағы» қашықтығы:
І орын – Ақжайық ауданының командасы;
ІІ орын – Қаратөбе ауданының командасы;
ІІІ орын – Бөрлі ауданының командасы.
«Спорттық бағдарлау» қашықтығы (қыздар)
І орын – Қанатқызы Айлана (Бәйтерек ауданы);
ІІ орын – Құттыбай Айнаш (Ақжайық ауданы);
ІІІ орын – Сагиданова Адема (Шыңғырлау ауданы).
«Спорттық бағдарлау» қашықтығы (ұлдар)
І орын – Стабаев Наиль (Бәйтерек ауданы);
ІІ орын – Ермуканов Арсен (Теректі ауданы);
ІІІ орын – Тасмуканов Сұлтанбек (Тасқала ауданы)
Жалпыкомандалық орын:
І орын – Сырым ауданының командасы;
ІІ орын – Ақжайық ауданының командасы;
ІІІ орын – Қаратөбе ауданының командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі грамоталарымен, медальдармен, сыйлықтармен және командалық кубоктармен марапатталды.




