Облыстық «Айбын – 2026» әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысы туралы ақпарат

Облыстық «Айбын – 2026» әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысы туралы ақпарат

 

         Білім басқармасының 2026 жылғы 1 сәуіріндегі № 275 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 20-22 сәуір аралығында «Евразия» ТК аумағында облыстық «Айбын – 2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өткізілді. Жиын Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, жастарды патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, ұлтаралық және халықарасында достықты насихаттау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру мен әскери қызметті насихаттау және облыс құрамасын жасақтау мақсатында өтті.

         Жиынға облыс аудандары мен Орал қаласы, облыстық мектептер және колледж құрама командаларынан 195 қатысушысымен 13 команда қатысты. Бөкей ордасы, Жаңақала аудандарының командалары қатыспады. Жиын төрешілері Орал қаласының, Колледждер, Облыстық мектептер (№11 ДБАОММЛИ), Бөрлі, Бәйтерек аудандары командаларының жақсы дайындықтарын атап өтті.

Облыстық жиын келесі байқаулар мен сайыс түрлері бойынша өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

             «Белтемірде тартылу» (жекелей есепте)

1 орын – Череватов Богдан (Колледждер құрама командасы, ОАТК);

2 орын – Исмагилов Дэни (Теректі ауданы, Феодоровка № 1 ЖОББМ )

3 орын – Жасұланұлы Елдар (Теректі ауданы, Феодоровка № 1 ЖОББМ ).

             «Белтемірде тартылу» (Командалық есеп)

1 орын – Колледждер құрама командасы;

2 орын – Теректі ауданының командасы;

3 орын – Орал қаласының құрама командасы.

             «Шалқалап жатып денені көтеру» (жекелей есепте)

1 орын – Еслямова Дильназ (Колледждер құрама командасы, ОАТК);

2 орын – Газизова Амина (Облыстық мектептер, № 11 ДБАОММЛИ);

3 орын – Усаханова Айзере (Орал қаласы, № 1 ЖОББМ).

             «Шалқалап жатып денені көтеру» (Командалық есеп)

1 орын – Колледждер құрама командасы;

2 орын – Орал қаласының құрама командасы;

3 орын – Облыстық мектептер командасы (№ 11 ДБАОММЛИ).

             АК-74 бөлшектеу және жинақтау (ұлдар арасында)

1 орын – Бурумбаев Алтынбасар (Орал қаласы, №52 ЖОББМ);

2 орын – Бақтығали Рауан (Облыстық мектептер, № 11 ДБАОММЛИ);

3 орын – Сағындық Қуандық (Казталов ауданы, А. Хұсайнов ат. ЖОББМ).

             АК-74 бөлшектеу және жинақтау (қыздар арасында)

1 орын – Еслямова Дильназ (Колледждер құрама командасы, ОАТК);

2 орын – Габдиева Ясмина (Орал қаласы, Круглоозерное ЖОББМ);

3 орын – Жаскелен Дильназ (Теректі ауданы, Госплемстанция ЖОББМ).

              АК-74 бөлшектеу және жинақтау (Командалық есеп)

1 орын – Орал қаласының құрама командасы;

2 орын – Колледждер құрама командасы;

3 орын – Казталов ауданының командасы.

             Арқан тарту (Командалық есеп)

1 орын – Бәйтерек ауданының командасы;

2 орын – Сырым ауданының командасы;

3 орын – Казталов ауданының командасы.

             Пневматикалық мылтықтан ату (ұлдар арасында)

1 орын – Череватов Богдан (Колледждер құрама командасы, ОАТК);

2 орын – Исенгалиев Азамат (Бөрлі ауданы, №3 ЖОББМ);

3 орын – Голубов Кирилл (Колледждер құрама командасы, ОАТК);

             Пневматикалық мылтықтан ату (қыздар арасында)

1 орын – Ординян Маргарита (Бөрлі ауданы, №3 ЖОББМ);

2 орын – Тулеубаева Динара (Шыңғырлау ауданы, Алмаз ЖОББМ);

3 орын – Жаппасбаева Ляйля (Жәнібек ауданы, Е. Ниеткалиев ат. ЖОББМ).

             Пневматикалық мылтықтан ату (Командалық есеп)

1 орын – Колледждер құрама командасы;

2 орын – Бөрлі ауданының командасы;

3 орын – Орал қаласының құрама командасы.

           «Әскерилендірілген кросс» 1000 метр (Командалық есеп)

1 орын – Теректі ауданының командасы;

2 орын – Қаратөбе ауданының командасы;

3 орын – Орал қаласының құрама командасы.

           «Әскерилендірілген эстафета» (Командалық есеп)

1 орын – Тасқала ауданының командасы;

2 орын – Колледждер құрама командасы;

3 орын – Орал қаласының құрама командасы.

          «Жүзу» эстафетасы (Командалық есеп)

1 орын – Орал қаласының құрама командасы;

2 орын – Бөрлі ауданының командасы;

3 орын – Облыстық мектептер командасы (№ 11 ДБАОММЛИ).

          «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы

1 орын – Жәнібек ауданының командасы;

2 орын – Бәйтерек ауданының командасы;

3 орын – Облыстық мектептер командасы (№ 11 ДБАОММЛИ).

          «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны

1 орын – Голубов К., Ислямова Д. (Колледждер құрама командасы);

2 орын – Бурумбаев А., Дюсегалиева А.(Орал қаласының құрама командасы);

3 орын – Кенжеғали Д., Аманғос Ә. (Бәйтерек ауданының командасы).

          «Smart sarbaz» робототехника байқауы

1 орын – Бақтығали Р.(Облыстық мектептер командасы, № 11 ДБАОММЛИ);

2 орын – Исенгалиев А., Архаров А. (Бөрлі ауданының командасы);

3 орын – Самат М., Мұрат А. (Тасқала ауданының командасы).

         «Жасанды интеллект» байқауы

1 орын – Белая К. (Бөрлі ауданының командасы);

2 орын – Төремұратқызы Ж. (Қаратөбе ауданының командасы);

3 орын – Жаскелен Д. (Теректі ауданының командасы).

Хаттамаларға сәйкес жалпы командалық орындар төмендегідей бөлінді:

I орын – Орал қаласының құрама командасы;

II орын – Колледждер құрама командасы.

III орын – Облыстық мектептер командасы (№ 11 ДБАОММЛИ).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі грамоталарымен, алғыс хаттармен, медальдарымен және командалық кубоктарымен марапатталды.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"