М.Жұмаев жүлдесі үшін тау туризм техникасынан облыстық ашық жарысының қорытынды ақпараты
Білім басқармасының 2026 жылғы 10 наурыздағы №204 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 13-16 сәуір күндері тау туризмі техникасынан дайындық деңгейін арттыру және спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында М.Жұмаев жүлдесі үшін облыстық ашық жарыс өткізілді.
Жарысқа 12 аудан және Орал қаласынан барлығы 125 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы Ақжайық, Бөрлі, Қаратөбе аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті. Жарыс бағдарламасына сәйкес «Байлам», «Жеке», «Командалық», «Эстафета» қашықтықтары жас ерекшеліктеріне байланысты балалар, жасөспірімдер және ересектер тобы бойынша үш топқа өткізілді. Жарыстың қорытындысына сай нәтиже төмендегідей:
«Байлам» қашықтығында жасөспірімдер тобы бойынша ерлер жұбы арасында жеңімпаздар:
І орын – Қайргалиев А./Ерғали Г. (Ақжайық ауданы);
ІІ орын – Маликов Т./Алипов Б. (Бөрлі ауданы);
ІІІ орын – Қасымғали Б./Әділбек Е. (Казталов ауданы).
«Байлам» қашықтығында жасөспірімдер тобы бойынша аралас жұптар арасында жеңімпаздар:
І орын – Ишанов Е./Оразалы А. (Бөрлі ауданы);
ІІ орын – Серік Ә./Марат Н. (Жәнібек ауданы);
ІІІ орын – Жәңгірханұлы Ә./Мұзафар А. (Қаратөбе ауданы).
«Байлам» қашықтығында балалар тобы бойынша ерлер жұбы арасында жеңімпаздар:
І орын – Камашев Р./Мухамбетов Н. (Бөрлі ауданы);
ІІ орын – Жалел Е./ Мажит Н. (Қаратөбе ауданы);
ІІІ орын – Серік Д./Керей Н. (Ақжайық ауданы).
«Байлам» қашықтығында балалар тобы бойынша аралас жұптар арасында жеңімпаздар:
І орын – Рысбекұлы С./Мұхат Г. (Жәнібек ауданы);
ІІ орын – Самигуллов М./Азбек А. (Тасқала ауданы);
ІІІ орын – Абзалұлы Д./Нурланова Ж. (Бөкей ордасы ауданы).
«Жеке» қашықтығында жасөспірімдер тобы бойынша ұлдар арасында жеңімпаздар:
І орын – Алипов Бахтияр (Бөрлі ауданы);
ІІ орын – Жәңгірханұлы Әмірхан (Қаратөбе ауданы);
ІІІ орын –Серік Әлібек (Казталов ауданы).
«Жеке» қашықтығында жасөспірімдер тобы бойынша қыздар арасында жеңімпаздар:
І орын – Мендеш Балауса (Ақжайық ауданы);
ІІ орын – Оразалы Айару (Бөрлі ауданы);
ІІІ орын – Маратова Аружан (Бәйтерек ауданы).
«Жеке» қашықтығында балалар тобы бойынша қыздар арасында жеңімпаздар:
І орын – Мұхат Гульназ (Жәнібек ауданы);
ІІ орын – Нурланова Жанерке (Бөкей ордасы ауданы);
ІІІ орын – Сұлтанбек Линара (Жаңақала ауданы).
«Жеке» қашықтығында балалар тобы бойынша ұлдар арасында жеңімпаздар:
І орын – Мухамбетов Наби (Бөрлі ауданы);
ІІ орын – Камашев Радмир (Бөрлі ауданы);
ІІІ орын – Жалел Ерасыл (Қаратөбе ауданы).
«Эстафета» қашықтығы бойынша жеңімпаздар:
І орын – Ақжайық ауданының командасы;
ІІ орын – Бөрлі ауданының командасы;
ІІІ орын – Жәнібек ауданының командасы.
«Командалық» қашықтығы бойынша жеңімпаздар:
І орын – Бөрлі ауданының командасы;
ІІ орын – Ақжайық ауданының командасы;
ІІІ орын – Жәнібек ауданының командасы.
Жалпы командалық сынақ бойынша жеңімпаздар:
І орын – Бөрлі ауданының командасы;
ІІ орын – Қаратөбе ауданының командасы;
ІІІ орын – Ақжайық ауданының командасы.
Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдары, медальдары және кубогтерімен марапатталды.






