8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған пневматикалық мылтықтан атудан «Мерген ару – 2025» облыстық ашық біріншілігінің қорытындысы туралы ақпарат

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған пневматикалық мылтықтан атудан «Мерген ару – 2025» облыстық ашық біріншілігінің қорытындысы туралы ақпарат

        Білім басқармасының 2026 жылғы 18 ақпандағы № 153 бұйрығына сәйкес

 4 – 6 наурыз күндері «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы» МКҚК мен «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысының филиалының ұйымдастыруымен «Жайық арена» спорттық кешенінде                  8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған пневматикалық мылтық атудан «Мерген ару – 2026» облыстық ашық біріншілігі өткізілді.

                 Біріншілікке облыс аудандары мен Орал қаласынан, облыстық білім беру мекемелері мен облыстық қосымша білім беру ұйымдарының білім алушыларынан және колледж студенттерінен құралған 11 командадан, барлығы  44 қыз бала қатысты. Біріншілікке: Ақжайық, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Теректі, Шыңғырлау, Орал қаласы, С. Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ,  облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы мен Орал ақпараттық-технологиялар колледжінің командалары қатысты. Бәйтерек, Бөрлі, Бөкей ордасы, Сырым, Тасқала,  аудандарының командалары біріншілікке қатыспады. Облыстық білім басқарамасының 2026 жылғы 18 ақпандағы № 153 бұйрығының 4-ші тармағына сәйкес Бәйтерек, Бөрлі, Бөкей ордасы, Тасқала аудандық білім бөлімдері біріншілікке қатыспау себебі жөнінде жазбаша түрде түсініктемелерін жолдамады.

Облыстық біріншілік ПВ – 1 және ПВ – 2 жаттығу түрлері бойынша өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

ПВ – 1 жаттығу бойынша

1 орын – Тастемирова Алина (Облыстық «Эстетикалық бағыттағы гимназиясы»);

2 орын – Наурызбайқызы Жұлдызай (Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы ЖОББМ);

3 орын – Тулекова Ясина (ОБЖТжЭО – ның «Ұлан» үйірмесі).

ПВ – 1 жаттығу бойынша жалпы командылық

1 орын – Орал қаласының құрама командасы;

2 орын – Колледждер командасы (Орал ақпараттық технологиялар колледжі);

3 орын – Қаратөбе ауданының командасы.

ПВ – 2 жаттығу бойынша

1 орын – Еслямова Дильназ (Орал ақпараттық технологиялар колледжі);

2 орын – Тастемирова Алина (Облыстық «Эстетикалық бағыттағы гимназиясы»);

3 орын – Орынғали Расаләт (Орал қаласы Қадыр Мырза Әлі атындағы №47ЖОББМ).

ПВ – 2 жаттығу бойынша жалпы командылық

1 орын – Колледждер командасы (Орал ақпараттық технологиялар колледжі);

2 орын – Ақжайық ауданының командасы;

3 орын – Орал қаласының құрама командасы.

Жекелей жалпы есепте

1 орын – Тастемирова Алина (Облыстық «Эстетикалық бағыттағы гимназиясы»);

2 орын – Айтмағамбетова Медея (Орал ақпараттық технологиялар колледжі);

3 орын – Орынғали Расаләт (Орал қаласы Қадыр Мырза Әлі атындағы №47ЖОББМ).

Жалпы командалық есеп

I орын - Колледждер құрама командасы;

II орын - Орал қаласының құрама командасы;

III орын –Ақжайық ауданының командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі грамоталарымен, сыйлықтарымен,  командалық кубоктарымен және ОБЖТжЭО-ның медальдарымен марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"