Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңі
«Алтын доп» баскетбол жарысы бойынша қортынды ақпарат
Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңі 2026 жылдың 16 қаңтар - 30 сәуір күндері аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы және Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруымен өткізілуде.
2026 жылдың 13-15 ақпан күндері №48 ЖОББМ және №49 ЖОББМ спорт залдарында 5-6 сынып арасында «Алтын доп» баскетбол жарысы өткізілді. Жарысқа қыздар арасында 6 команда, ұлдар арасында 7 команда, барлығы 118 адам қатысты. Жарысқа Дарынды балаларға арналаған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп–лицей–интернаты, Бәйтерек, Бөрлі, Сырым, Тасқала, Теректі аудандары және Орал қаласының командасы қатысты. Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарының командалары қатыспады.
Жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған:
қыздар арасында:
1 орын – №19 ЖОББМ (Орал қаласы);
2 орын – Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №3 ЖОББМ;
3 орын – С.Жақсығұлов ат. ЖОББМ (Тасқала ауданы).
ұлдар арасында:
1 орын – №1 ЖОББМ (Орал қаласы);
2 орын – Подстепный №1 ЖОББМ (Теректі ауданы);
3 орын – Дарынды балаларға арналаған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп–лицей–интернаты.
«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Бауыржан Амина (№19 ЖОББМ, Орал қаласы);
Ұлдар арасында – Серік Хақназар (№1 ЖОББМ, Орал қаласы).
«Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Джумашева Көркем (С.Жақсығұлов ат. ЖОББМ, Тасқала ауданы);
Ұлдар арасында – Темірболат Әлішер (Дарынды балаларға арналаған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп–лицей–интернаты).
«Үздік бомбардир» номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Гергерт Кира (Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №3 ЖОББМ);
Ұлдар арасында – Нуриев Адил(Подстепный №1 ЖОББМ, Теректі ауданы).
«Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша
Ұлдар арасында – Альмухамбетов Алихан (Ақбұлақ МББК, Бөрлі ауданы).
2026 жылдың 20-22 ақпан күндері №48 ЖОББМ және №49 ЖОББМ спорт залдарында 7-8 сынып арасында «Алтын доп» баскетбол жарысы өткізілді. Жарысқа қыздар арасында 6 команда, ұлдар арасында 8 команда, барлығы 121 адам қатысты. Жарысқа Бәйтерек, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының командалары және Дарынды балаларға арналаған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернаты және Орал қаласының командасы қатысты. Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының командалары қатыспады.
Жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған:
қыздар арасында:
1 орын – №1 ЖОББМ (Орал қаласы);
2 орын – С.Жақсығұлов ат. ЖОББМ (Тасқала ауданы);
3 орын – Қ.Мырзалиев ат. ЖОББМ (Сырым ауданы).
ұлдар арасында:
1 орын – Дарынды балаларға арналаған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп–лицей–интернаты;
2 орын – С.Жақсығұлов ат. ЖОББМ (Тасқала ауданы);
3 орын –Л.Қылышев ат. ЖОББМ (Шыңғырлау ауданы);
«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Сатканова Мөлдір (№1 ЖОББМ, Орал қаласы);
Ұлдар арасында – Насиболла Нұртөре (Дарынды балаларға арналаған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп–лицей–интернаты).
«Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Батаева Раянна (С.Жақсығұлов ат. ЖОББМ, Тасқала ауданы);
Ұлдар арасында – Ермекбаев Рамазан (С.Жақсығұлов ат. ЖОББМ, Тасқала ауданы).
«Үздік бомбардир» номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Айтбай Айзере (Қ.Мырзалиев ат. ЖОББМ, Сырым ауданы);
Ұлдар арасында – Дусебаев Алихан (Л.Қылышев ат. ЖОББМ, Шыңғырлау ауданы).
«Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Маширова Жасмина (Подстепный №1 ЖОББМ, Теректі ауданы);
Ұлдар арасында – Бауыржанұлы Думан (Х.Есенжанов ат. ЖОББМ, Теректі ауданы).
2026 жылдың 27 ақпан – 1 наурыз күндері Назарбаев зияткерлік мектебі және эстетикалық бағыттағы гимназия мектебінің спорт залдарында 9 – 11 сынып оқушылары арасында баскетболдан «Алтын доп» жарысы өткізілді.
Жарысқа қыздар арасында 9 команда, ұлдар арасында 10 команда, барлығы 167 адам қатысты. Жарысқа Бөкей ордасы, Бәйтерек, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының командалары және Дарынды балаларға арналаған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернаты, Ақпаратық технологиялар мектеп–лицей–интернаты, және Орал қаласының командасы қатысты. Ақжайық, Жәнібек, Жаңақала, Казталов, аудандарының командалары қатыспады.
Жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған:
9 – 11 сынып қыздары арасында:
1 орын – Переметный ЖОББМ (Бәйтерек ауданы);
2 орын – №1 ЖОББМ (Орал қаласы);
3 орын – С.Бабажанов ат.ЖОББМ (Бөкей ордасы ауданы).
9 – 11 сынып ұлдары арасында:
1 орын –№1 ЖОББМ (Орал қаласы);
2 орын – Л.Қылышев ат. ЖОББМ (Шыңғырлау ауданы);
3 орын – Қ.Аманжолов ат.ЖОББМ (Бәйтерек ауданы).
«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Кузницова Мария (Переметный ЖОББМ, Бәйтерек ауданы);
Ұлдар арасында – Құдайберген Бейбарыс (№1 ЖОББМ, Орал қаласы).
«Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Сайлау Асылай (№1 ЖОББМ, Орал қаласы);
Ұлдар арасында – Иманбаев Бекмырза (Л.Қылышев ат. ЖОББМ, Шыңғырлау ауданы).
«Үздік бомбардир» номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Дюсенбеева Алина (Переметный ЖОББМ, Бәйтерек ауданы);
Ұлдар арасында – Амангелді Даниял (№1 ЖОББМ, Орал қаласы).
«Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Бекболат Аэлита С.Бабажанов ат.ЖОББМ (Бөкей ордасы ауданы).
Ұлдар арасында – Сарсанов Саян (Қ.Аманжолов ат.ЖОББМ, Бәйтерек ауданы).
Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталармен, ОБЖТжЭО-ң медальдармен және командалық кубоктармен марапатталды.





