Ұлттық колледж лигасының облыстық кезеңі
Волейбол мен шағын футбол жарыстары
бойынша қортынды ақпарат
Ұлттық колледж лигасының облыстық кезеңі 2026 жылдың 11-27 ақпан күндері аралығында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы және Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруымен өткізілуде.
Ұлттық колледж лигасының облыстық кезеңі облыстық кезеңі 5 спорт түрінен өткізіледі: волейбол, шағын футбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ.
2026 жылдың 11 – 13 ақпан күндері аралығында Жоғары аграрлық – техникалық колледжінің спорт зал базасында волейбол жарысы өткізілді. Жарысқа 4 қыздар, 8 ұлдар командасы, барлығы 90 спортшы қатысты. Жарысқа Жоғары аграрлық – техникалық колледжі, Теректі колледжі, Бөрлі колледжі, М.Б Ықсанов ат. Жәнібек колледжі, Халықаралық цифрлық технологиялар,сәулет және құқық колледжі. Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша төмендегідей орындар белгіленді
Қыздар арасында:
1 орын – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі;
2 орын – Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі;
3 орын – Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі.
Ұлдар арасында:
1 орын – Жоғары аграрлық – техникалық колледжі;
2 орын – Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі
3 орын – Халықаралық цифрлық технологиялар,сәулет және құқық колледжі.
«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша
қыздар – Сұнғатқызы Мадина (Орал гуманитарлық – техникалық колледжі);
ұлдар – Болат Нурасыл (Халықаралық цифрлық технологиялар,сәулет және құқық колледжі.).
«Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша
қыздар – Буланаева Сабина (Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі);
ұлдар – Утегенов Азиз (Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі.).
«Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша
қыздар – Махсот Аружан (Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі.);
ұлдар – Әдебиет Нұртілеу (Теректі колледжі).
«Үздік тосқауылшы» номинациясы бойынша
ұлдар – Кимашев Максат (Жоғары аграрлық – техникалық колледжі).
2026 жылдың 16 – 18 ақпан күндері аралығында Жоғары аграрлық – техникалық колледжінің спорт зал базасында шағын футбол жарысы өткізілді. Жарысқа Жоғары аграрлық – техникалық колледжі, Бөрлі колледжі, Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі, Орал «Сервис» технологиялық колледжі, Орал гуманитарлық – техникалық колледжі командалары қатысты. Жарысқа 3 қыздар, 5 ұлдар командасы, барлығы 69 спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша төмендегідей орындар белгіленді
Қыздар арасында:
1 орын – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі;
2 орын – Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі;
3 орын – Орал «Сервис» технологиялық колледжі;
Ұлдар арасында:
1 орын – Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі;
2 орын – Жоғары аграрлық – техникалық колледжі.
3 орын – Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі;
«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша
қыздар – Умаргалдиева Жанылсын (Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі);
ұлдар – Нұрлан Болатхан Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі).
«Үздік бомбардир» номинациясы бойынша
қыздар – Демченко Кристина (Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі);
ұлдар – Галиев Рамиль (Орал гуманитарлық – техникалық колледжі).
«Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша
қыздар – Кубаева Дильназ (Орал «Сервис» технологиялық колледжі;);
ұлдар – Ерғали Ернұр (Бөрлі колледжі).
«Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша
қыздар – Қуанғали Нұршат (Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі);
ұлдар – Асылбек Бибарыс (Жоғары аграрлық – техникалық колледжі.).
«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша
қыздар – Амангельдиева Асель (Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі);
ұлдар – Газизов Ернұр (Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі).
Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталармен, ОБЖТжЭО-ң медальдармен және командалық кубоктармен марапатталды.






