Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңі
Шахмат «Ақбозат» жарысының қортынды ақпараты
Білім басқармасының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 811 бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 18-20 желтоқсан күндері облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының базасында 5–6, 7–8, 9–11 сыныптар арасында шахмат «Ақбозат» жарысы өткізілді. Жарысқа 10 команда, барлығы 100 адам қатысты. Жарысқа (10 команда) Бәйтерек, Бөкей ордасы, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі аудандарының командалары және Назарбаев Зияткерлік мектебі, Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп–лицей–интернаты және Орал қаласының командалары қатысты, барлығы 100 адам. Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала Жәнібек, Шыңғырлау аудандарының командалары қатыспады.
Жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған:
5 – 6 сыныптар арасында:
1 орын – №7 ЖОББМ (Орал қаласы);
2 орын – Б.Момышұлы ат.ЖОББМ (Бәйтерек ауданы);
3 орын – Б.Жаникешев ат.ЖОББМ(Бөкей ордасы ауданы)
7 – 8 сыныптар арасында:
1 орын – Назарбаев Зияткерлік мектебі;
2 орын – Ақпараттық технологиялар мектеп–лицей–интернаты (Орал қаласы);
3 орын – №28 мектеп-лицейі (Орал қаласы);
9 – 11 сыныптар арасында:
1 орын – №24 ЖОББМ (Орал қаласы);
2 орын – №1 Федоровка ЖОББМ (Теректі ауданы).
3 орын – Ақпараттық технологиялар мектеп–лицей–интернаты (Орал қаласы);
Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталармен, ОБЖТжЭО-ң медальдармен және командалық кубоктармен марапатталды.





