Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай
облыстық «ЭкоFEST» оқушылар арасындағы
экологиялық туризм фестивалінің қорытындысы туралы ақпарат
Білім басқармасының 31.10.2025 жылғы № 966 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 10-12 желтоқсан күндері өткізілді.
Фестивальға 10 команда, 60 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы Ақжайық, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті. Казталов, Сырым, Теректі аудандарының командалары қатыспады. Фестиваль бағдарламасына сәйкес «Зерттеу және жобалау» жұмыстарының байқауы, «Экология мамандары» зияткерлік байқауы, «Экологиялық бағдарлау» команда капитандары арасындағы жарыс, «Тәуелсіз ел – таза табиғатпен көрікті» үгіт-насихат бригадаларының байқауы ұйымдастырылды.
Қатысушыларға әділ баға берген Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің білікті мамандары.
Фестиваль нәтижесінде қатысушылар келесі жүлделі орындарға ие болды.
1.«Зерттеу және жобалау» жұмыстарының байқауы бойынша:
1 орын – Ерланұлы Иманай, Қайрат Айару (Ақжайық ауданы);
2 орын – Мукатова Аруна, Байжанова Жанерке (Жәнібек ауданы);
3 орын – Хамидолла Жұлдыз, Рамазанова Ақерке (Бөкей ордасы ауданы);
- «Экология мамандары» зияткерлік байқауы бойынша:
1орын – Тасқала ауданының командасы;
2 орын – Қаратөбе ауданының командасы;
3 орын – Ақжайық ауданының командасы;
- «Экологиялық бағдарлау» команда капитандары арасындағы жарысы бойынша:
1 орын – Хамидолла Жұлдыз (Бөкей ордасы ауданы);
2 орын – Мукатова Аруна (Жәнібек ауданы);
3 орын – Бисеналиева Алия (Бәйтерек ауданы);
- «Тәуелсіз ел – таза табиғатпен көрікті» үгіт-насихат бригадаларының байқауы бойынша:
1 орын – Бәйтерек ауданының командасы;
2 орын – Ақжайық ауданының командасы;
3 орын – Тасқала ауданының командасы;
Жалпыкомандалық есеп бойынша:
1 орын - Ақжайық ауданының командасы;
2 орын – Жәнібек ауданының командасы;
3 орын – Бөкей ордасы ауданының командасы;
Жеңімпаз командалар облыстық білім басқармасының грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.






