I-ші қиындық дәрежелі жаяу жорығы
(Бөрлі ауданы)
2025 жылдың 1-6 желтоқсан күндері Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің Жас туристер станцияның жылдық жоспарына сәйкес «Шыңғырлау ауылы – Ащы өзені – Родник – Шыңғырлау өзені – Аксай қаласы» бағытымен Тәуелсіздік күніне арналған педагогтер арасында І-ші қиындық дәрежелі жаяу жорығы өткізілді. Жорық мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық рухты көтеру және табиғатқа сүйіспеншілік сезімін арттыру. Жорық қатысушылары Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогтері. Бір апта бойы қатысушылар 132 шақырымнан астам жол жүріп, ауданымыздың көрікті аймақтарын бағындырды.



