Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі
Тоғыөқұмалақ жарысы бойынша қортынды ақпарат
Білім басқармасының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 811 бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 2-4 желтоқсан күндері облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының базасында 5–6, 7–8, 9–11 сыныптар арасында тоғызқұмалақ жарысы өткізілді. Жарысқа Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі аудандарының командалары, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектеп–лицейі, ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебі, С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп–лицей–интернаты және Орал қаласының командалары қатысты (11) барлығы 112 адам.
Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Шыңғырлау аудандарының командалары қатыспады.
Жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған:
5 – 6 сыныптар арасында:
1 орын – Абай МББК (Сырым ауданы);
2 орын – Жаңақала мектеп–гимназия (Жаңақала ауданы);
3 орын – Эстетикалық бағыттағы гимназия (Орал қаласы);
7 – 8 сыныптар арасында:
1 орын – С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп–лицей–интернаты (Орал қаласы);
2 орын – Б.Момышұлы ат.ЖОББМ (Бәйтерек ауданы);
3 орын – Эстетикалық бағыттағы гимназия (Орал қаласы);
9 – 11 сыныптар арасында:
1 орын – Назарбаев зияткерлік мектебі (Орал қаласы);
2 орын – Жаңақала мектеп–гимназия (Жаңақала ауданы);
3 орын – Абай МББК (Сырым ауданы);
Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталармен, ОБЖТжЭО-ң медальдармен және командалық кубоктармен марапатталды.
.




