Облыстық оқушылар арасындағы «Жайық-Урал 2025»
туристік-экологиялық экспедиция жасақтары слетінің
қорытындысы туралы ақпарат
Білім басқармасының 03.11.2025 жылғы № 973 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 24- 26 қараша күндері облыстық оқушылар арасында «Жайық-Урал 2025» туристік-экологиялық экспедиция жасақтарының слеті өткізілді.
Слетке 7 команда, 50 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы Бәйтерек, Ақжайық, Бөрлі аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті. Фестиваль бағдарламасына сәйкес «Жайық-Урал 2025» туристік-экологиялық экспедициясының III кезеңінің қорытынды іздестіру-зерттеу жұмысы, «Орал өңірінің кіші өзендері» экологиялық-өлкетану экспедициясы, экологиялық акциялардың қорытындысы бойынша баяндамалар, І категориялы қиындықтағы Жайық – Урал маршруты бойынша қорытынды есептер байқаулары өткізілді.
Қазылар алқасының шешімімен жарыс қорытындысы бойынша төмендегідей орындар берілді.
Оқушылардың «Жайық-Урал 2025» туристік-экологиялық экспедициясы III кезеңінің қорытынды іздестіру-зерттеу баяндамасы бойынша:
1 орын – Рузметова Дильназ (Бәйтерек ауданы);
2 орын – Асқаров Роман («Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы);
3 орын – Сайлауов Мансур (Ақжайық ауданы).
«Орал өңірінің кіші өзендері» экологиялық-өлкетану экспедициясы бойынша:
1орын – Еркебаева Камила (Бөрлі ауданы);
2 орын – Серік Эльвира (Ақжайық ауданы).
3 орын – Баландина Екатерина (Бәйтерек ауданы);
Экологиялық акциялардың қорытындысы бойынша:
1 орын – Узбекова Мендігүл («Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы);
2 орын – Першина Юлия (Бәйтерек ауданы)
3 орын – Ахмет Қарақат (Ақжайық ауданы).
І категориялы қиындықтағы «Жайық – Урал» маршрутының қорытынды есептері бойынша:
1 орын – Максутов Даулет, Құрманғали Аягуль (Казталов ауданы)
2 орын – Тоғызбай Саят, Рузметова Дильназ, Дильмуханова Милана, Шүкіролла Кәусар (Бәйтерек ауданы)
3 орын –Утешов Аслан (Ақжайық ауданы).
Жалпыкомандалық есеп бойынша:
1 орын - Бәйтерек ауданының командасы;
2 орын - Ақжайық ауданының командасы.
3 орын – Бөрлі ауданының командасы
Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысушыларға әділ баға берген М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің география кафедрасының білікті мамандары.




