Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың
100 жылдығына арналған облыстық «Жас Сарбаз-2025»
әскери-патриоттық әндер және шығармашылық фестивалінің қорытындысы туралы ақпарат
Білім басқармасының 2025 жылдың 3 қарашасындағы № 972 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 20 – 22 қараша күндері облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен БҚО қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-де облыстық «Жас Сарбаз-2025» әскери-патриоттық әндер және шығармашылық фестивалі өткізілді. Фестиваль жастармен әскери-патриоттық жұмысты одан әрі дамыту, жас таланттарды анықтау, әскери және патриоттық әндерді дәріптеу мақсатында өтті.
Фестивальға Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала аудандары мен Орал қаласы және облыстық мектептер командаларынан 59 мектеп оқушысы қатысты. Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандарының командалары облыстық фестивальға қатыспады.
Облыстық фестиваль келесі аталымдар бойынша өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:
«Орындаушы – вокалистер»
1 орын – Зинулла Ернұр (Бәйтерек ауданы, Қ.Мырза Әлі ат. ЖББҚОМ);
2 орын – Ерекенова Аэлита (Орал қаласы, ЭБГ);
3 орын – «Рух» хоры (Тасқала ауданы, С. Жақсығұлов ат. ЖОББМ).
«Фольклорлық ансамбль»
1 орын – «Домбырашылар» ансамблі (Ақжайық ауданы, құрама ансамбль);
2 орын – «Ер Тұран» ансамблі (Бәйтерек ауданы, Абай ат. МГИ);
3 орын – Бисенбай Айдана (Орал қаласы, №37 ЖОББМ).
«Вокалдық-аспаптық ансамбльдер
1 орын – «Көк тарландар» тобы (Ақжайық ауданы, құрама ансамбль);
2 орын – «Шабыт» тобы (Орал қаласы, ЭБГ);
3 орын – «Самғау» тобы (№8 ДБМОМЛ).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі грамоталарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.




