Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі
Үстел теннис жарысы бойынша қортынды ақпарат
2025 жылдың 12-14 қараша күндері Ұлттық мектеп лигасы жарыстарының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар–жасөспірімдер мектебі базасында 5–6, 7–8, 9–11 сыныптар арасында үстел теннисі жарысы өткізілді.
Жарысқа Ақжайық, Бөкей ордасы, Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандарының, БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім–Инновация» мектеп–лицей – интернаты, С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп–лицей–интернаты, БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп–лицей–интернаты және Орал қаласының командалары қатысты. Тасқала, ауданы қатыспады. Жарысқа 15 команда, барлығы 118 адам қатысты.
Жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған:
5 – 6 сыныптар арасында:
1 орын – Ғ.Қараш ат. мектеп-гимназиясы (Казталов ауданы)
2 орын – С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп–лицей–интернаты (Орал қаласы);
3 орын – Б.Жаникешев ат.ЖОББМ(Бөкей ордасы ауданы)
7 – 8 сыныптар арасында:
1 орын – БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім–Инновация» мектеп–лицей – интернаты (Орал қаласы);
2 орын – М.Әуезов ат. №2 ЖОББМ (Ақжайық ауданы);
3 орын – А.Байтұрсынұлы ат. МБК (Казталов ауданы)
9 – 11 сыныптар арасында:
1 орын – №1 мектеп-лицейі (Жәнібек ауданы)
2 орын – А.Құсайынов ат.МБК (Бөкей ордасы ауданы)
3 орын – БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім–Инновация» мектеп–лицей – интернаты. (Орал қаласы);
Жарыс қорытындысы жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталарымен, медальдар және командалық кубоктармен марапатталды.




