VIІ облыстық «Хрустальды шоқыр 2025» жүлдесі үшін байқауының қорытынды кезеңінің ақпараты

VIІ облыстық «Хрустальды шоқыр 2025» жүлдесі үшін байқауының  қорытынды кезеңінің ақпараты

 

         Білім басқармасының 2025жылғы 11 ақпандағы №107 бұйрығына сәйкес,  2025 жылдың 29 – 30 қазан күндері  VІI облыстық «Хрустальды шоқыр 2025» жүлдесі үшін байқауының қорытынды кезеңі өткізілді.       Байқаудың мақсаты: облыс көлемінде туристік-өлкетану, экологиялық қызметте шығармашылықпен жұмыстанатын туристік ұйымдастырушыларды айқындау, тәрбие жұмыстарын және педагогикалық озық тәжірибелерді таратып және жинақтап әдістемелік зерттеулер жасау, туристік-өлкетану, экологиялық қызметін жандандыру, педагог-туристердің шығармашылық және рухани әлеуетін қолдау.

        Байқауға барлығы 47 үміткер қатысып, 11 номинация бойынша өткізілді. 

1.Жалпы орта білім беретін мекемелерде (мектептер, лицейлер, гимназиялар):

І орын – Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №7 ЖОББМ (директоры Доскалиева Шолпан Габбасовна);

ІІ орын – Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ЖОББМ (директоры Байменова Саида Сериковна).

2.Мектепке дейінгі білім мекемелерінде (бала-бақшалар, бала-бақша гимназиялар және т.б.):

І орын – Бәйтерек ауданы ЖШС «Гульнафис» жеке «Ақбота» балабақшасы (директоры Аткеева Алиса Ерлановна);

ІІ орын – Орал қаласы №34 «Балбұлақ» бөбекжайы МКҚК (тәрбиешісі Мутигуллина Маржан Шаймұратқызы);

ІІІ орын – Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы МКҚК (әдіскер-тәрбиешісі Кулумжанова Альбина Бауржановна).   

         3.Қосымша білім беру мекемелері (балалар шығармашылығы үйі, техниктер, туристер, натуралистер станциялары және өз жұмыстарында туризм, өлкетану және экология элементтерін кірістірген басқа да қосымша білім беру ұйымдары):

ІІІ орын – Сырым ауданы білім беру бөлімінің «Жас туристер станциясы» КММ (бөлім меңгерушісі Ескабулов Ерлан Максутович).

  1. Балалар туризмін дамытуда өз үлесін қосқаны үшін (атқарушы үкімет ұйымдарының жетекшілері мен мамандары, орталық және жергілікті өкілеттік ұйымдар депутаттары, ауыл, қала, аудан әкімдері):

І орын – «Бәйтерек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Дүзбатыр Нұржан Тоғызбайұлы;

ІІ орын – Сырым ауданы С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі, аудандық маслихат депутаты Ойшыбай Айнагүл Мағауияқызы;

ІІІ орын – Бөрлі ауданы Бумакөл ауылдық округінің әкімі Каймулдинов Нарынбек Утегенович.

            5.Туристік-өлкетану және экология қызметі саласын дамытудағы меценаттығы үшін (ЖК, ЖШС және басқа да үлкен, кіші, орта бизнес жетекшілері)

І орын – Орал қаласы «Silk Way Trade» ЖШС директоры Дүйсенгалиев Алдан Марданович;

ІІ орын – Теректі ауданы ЖК «Болашақ» жетекшісі Ибатов Саржан Турмаганбетович;

ІІІ орын – Бөрлі ауданы «Томирис» жеке кәсібі, жеке кәсіпкер Куанышева Арайлым Жанболатовна.

           6.Көпшілік ұйымдастыру шараларын оқу және тәрбие жұмыстарындағы оқу үдерісін үздік әдістемелік құралмен қамтамасыз еткені үшін (негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерінің педагогтері, қосымша білім беру педагогтері, әдіскерлер)

І орын – Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының әдіскері Ескалиева Гульмира Талишевна;

ІІ орын – Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің «Жас туристер станциясы» қосымша білім беру педагогі Полякова Наталья Анатольевна;

ІІІ орын – Теректі ауданы білім беру бөлімінің балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директорының орынбасары Ибатов Саржан Турмаганбетович.

         7.Жазғы далалық лагерьді үздік ұйымдастырғаны үшін, стационарлы шатырлы лагерь т.б. (негізгі және жалпы орта білім беру мектептері, қосымша білім беру мекемелері).

І орын – Орал қаласы білім беру бөлімінің «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының әдіскері Куркембаева Акмарал Жолдыбаевна;

ІІ орын – Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Жас туристер станциясы» қосымша білім беру педагогі Баландина Анастасия Геннадьевна;

ІІІ орын – Сырым ауданы білім беру бөлімінің «Жас туристер станциясы» қосымша білім беру педагогі Бердыгалиев Есенжан Аманжолович.

         8.Үздік туристік жорықтар және экспедициялар жасағаны үшін (негізгі және жалпы орта білім беру мектептері, қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері, әдіскерлері)

І орын – Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер туризм орталығының қосымша білім беру педагогі Темірболат Әди Мырзабекұлы;

ІІ орын – Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің «Жас туристер станциясы» қосымша білім беру педагогі Сабитов Азамат Талгатович;

ІІІ орын – Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер туризм орталығының қосымша білім беру педагогі Гильман Азат Есенболатұлы.

        9.Туристік-өлкетану қызметінде үйірмелер, клубтар, экспедициялық отрядтар және туристік-өлкетану қызметінің басқа түрлерін үздік ұйымдастырғаны үшін (қосымша білім беру педагогтері)

І орын – Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Жас туристер станциясы» қосымша білім беру педагогі Ситказиева Гульфайрус Максутовна;

ІІ орын - Теректі ауданы білім беру бөлімінің балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогі Беркингалиев Фархат Сырымович;

ІІІ орын – Орал қаласы білім беру бөлімінің «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогі Орт Инесса Николаевна.

         10.Білім беру ұйымдарында үздік мектеп музейін ұйымдастырғаны үшін (музей жетекшілері)

І орын - Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Жас туристер станциясы» өлкетану бөлімінің меңгерушісі, музей жетекшісі Белгиев Қанағат Қапетұлы;

ІІ орын – Бөрлі ауданы білім беру бөлімі Ақсай қаласының №2 ЖОББМ музей жетекшісі Сакимова Ганима Батырхаировна;

ІІІ орын – Орал қаласы білім беру бөлімінің №12 ЖОББМ музей жетекшісі Хамзина Гүлжаухар Арманқызы.

          11.Туристік-өлкетану және экологиялық ьқызметті бұқаралық ақпарат құралдарында үздік насихаттағаны үшін БАҚ (журналистер)

І орын – Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, «Дана» журналының редакторы, журналист Қабжанов Қазбек Құттымұратұлы;

ІІ орын – Шыңғырлау ауданы «Серпін» аудандық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Шотпанов Адақ Танабайұлы;

ІІІ орын – Бөрлі ауданы «Бөрлі жаршысы – Бурлинское вести» қоғамдық саяси газетінің редакторы Сыдықов Мейрамбек Тілекқабылұлы.

 

Байқау балалар-жасөспірімдер туризмінің негізі кіші отанын және өз елін тану арқылы азаматтыққа және патриоттыққа тәрбиелеуде шығармашылықпен жұмыстанатын қосымша білім беру педагогтері мен балалар туризмін дамытуға үлес қосушыларды ынталандыру болып табылады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"