Жазғы демалысты ұйымдастыру туралы ақпарат

Жазғы демалысты ұйымдастыру туралы ақпарат

 

           Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы  2025 жылдың 5 маусым - 25 тамыз аралығында балаларға арналған жазғы демалысты «Самал» туристік лагерінің базасында  ұйымдастырады «Самал» туристік лагері Жайықтың табиғаты көркем Шаған өзені  жағасында орналасқан.

           Мақсаты: балаларды дене шынықтыру және спорт, туристік-өлкетану, сауықтыру бағыттары арқылы шығармашылық қабілеттерін шыңдау, адамгершілік сезімдерін ояту, патриоттыққа тәрбиелеу,  салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді әрі пайдалы  ұйымдастыру.

                  Жазғы  демалысты тиімді, көңілді, қызықты, әрі белсенді ұйымдастыру мақсатында жоспарға сай бағдарлама құрылып, профилдік ауысымдар өткізіледі. Лагерь бағдарламасы туристік- өлкетанулық, патриоттық, экологиялық, спорттық  және мәдени- ағарту бағыттарды қамтиды. Ауысым барысында балалар Орал қаласының мұражайлары, балалар хайуанаттар бағына және «Саят» этно-туристік кешеніне барады, туристік жорық жасайды, зияткерлік-танымдық іс-шаралар мен спорттық жарыстарға қатысады, жаяу және тау туризмі дағдыларын меңгереді. Асханада  бес  мезгілдік сапалы тамақтану ұйымдастырылып, медициналық-психологиялық бақылау жүргізіледі.

Биылғы жылы «QН Жаздық жолдама»  қайырымдылық жобасы аясында "Қазақстан халқына" қайырымдылық қорымен  БҚО ауылдық  жерлерінен оқу озаттары, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары (135 бала), кәсіподақтар мен жеке тұлғалардың балалары  демалады.

Жазғы маусым басталар алдында бақылаушы органдардан барлық рұқсат құжаттары алынды.

     
     

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"