Велосипед туризмі техникасынан
облыстық «Күміс шабақ - 2025» жарысының қорытынды
ақпараты
Білім басқармасының 2025 жылғы 28 мамырдағы №501 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 24-27 маусым күндері оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, велосипед туризмі техникасының дайындық деңгейін арттыру және спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында велосипед туризмі техникасынан облыстық «Күміс шабақ 2025» жарысы өткізілді.
Жарысқа 10 ауданнан барлығы 85 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы Ақжайық, Жәнібек, Бөрлі аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті. Жаңақала, Шыңғырлау аудандарының және Орал қаласының командалары жарысқа қатыспады.
Жарыс бағдарламасына сәйкес «Мәнерлеп жүру», «Триал», «Кедергілер жолағы» қашықтықтары, «Жорық туралы есеп», «Үздік командалық көрсетілім» байқаулары бойынша ұлдар, қыздар арасында және балалар тобы бойынша өткізілді.
Жарыстың қорытындысына сай нәтиже төмендегідей:
«Мәнерлеп жүру» қашықтығы ұлдар арасында (жасөспірімдер):
1 орын – Жалел Нұрәділ (Қаратөбе ауданы);
2 орын – Жәңгірханұлы Әмірхан (Қаратөбе ауданы);
3 орын – Болатқали Сержан (Ақжайық ауданы).
«Мәнерлеп жүру» қашықтығы қыздар арасында (жасөспірімдер):
1 орын – Ерғали Гүлмира (Ақжайық ауданы);
2 орын – Асқар Айша (Теректі ауданы);
3 орын – Марат Нұрсауле (Жәнібек ауданы).
«Мәнерлеп жүру» қашықтығы ұлдар арасында (балалар):
1 орын – Қуаныш Әділет (Ақжайық ауданы);
2 орын – Тайыр Әбубәкір (Ақжайық ауданы);
3 орын – Уразбаев Самат (Бөкей Ордасы ауданы).
«Мәнерлеп жүру» қашықтығы қыздар арасында (балалар):
1 орын – Маратова Аружан (Бәйтерек ауданы);
2 орын – Муратова Алтын (Теректі ауданы);
3 орын – Мукашева Аяна (Тасқала ауданы).
«Триал» қашықтығы ұлдар арасында (жасөспірімдер):
1 орын – Асылбек Темірлан (Ақжайық ауданы);
2 орын – Серік Әлібек (Жәнібек ауданы);
3 орын – Болатқали Сержан (Ақжайық ауданы).
«Триал» қашықтығы қыздар арасында (жасөспірімдер):
1 орын – Ерғали Гүлмира (Ақжайық ауданы);
2 орын – Марат Нұрсауле (Жәнібек ауданы);
3 орын – Сарсенбаева Фарида (Бөрлі ауданы).
«Триал» қашықтығы ұлдар арасында (балалар):
1 орын – Қуаныш Әділет (Ақжайық ауданы);
2 орын – Султангалиев Радмир (Жәнібек ауданы);
3 орын – Есенгазиев Бекжан (Бөкей ордасы ауданы).
«Триал» қашықтығы қыздар арасында (балалар):
1 орын – Муратова Алтын (Теректі ауданы);
2 орын – Қаршығақызы Айзере (Қаратөбе ауданы);
3 орын – Маратова Аружан (Бәйтерек ауданы).
«Кедергілер жолағы» қашықтығы:
1 орын – Ақжайық ауданының командасы;
2 орын – Жәнібек ауданының командасы;
3 орын – Қаратөбе ауданының командасы.
«Үздік командалық көрсетілім» байқауы:
1 орын – Ақжайық ауданының командасы;
2 орын – Бөрлі ауданының командасы;
3 орын – Бөкей Ордасы ауданының командасы.
«Жорық туралы есеп» байқауы:
2 орын – Жәнібек ауданының командасы;
3 орын – Ақжайық ауданының командасы.
Жалпы командалық есеп бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Жәнібек ауданының командасы;
2 орын – Ақжайық ауданының командасы;
3 орын – Бөрлі ауданының командасы.
Жеңімпаз командалар БҚО білім басқармасының грамоталарымен және ОБЖТжЭО-ң медальдары және кубоктарымен марапатталды.
![]() |
![]() |