«Жайық –Урал 2025» туристік-экологиялық
экспедициясы туралы қорытынды
АҚПАРАТ
Білім басқармасының 2025 жылғы жұмыс жоспарына сай, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты қорғауға баулу мақсатында 2025 жылдың 23-27 маусым аралығында Орал қаласы - Янайкин ауылы (Бәйтерек ауданы) су маршруты бойынша «Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясы өткізілді. Оқушылар 117,5 шақырымды қайықпен жүріп өтті. Маршруты: Орал қаласы – Круглоозерное ауылы – Погромный жары – Ақсу ауылы – Ақжайық ауылы - Янайкин ауылы.
Аталмыш маршрут тізбегі бойынша Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Бөкей ордасы, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласының оқушылары және ОБЖТжЭО-ның үйірме білім алушылары қатысты (барлығы – 43 қатысушы).
Ақжайық ауданы – 4 қатысушы (3 оқушы + 1 жетекші);
Бәйтерек ауданы – 4 қатысушы (3 оқушы + 1 жетекші);
Бөрлі ауданы - 6 қатысушы (4 оқушы + 2 жетекші);
Бөкей ордасы – 4 қатысушы (3 оқушы + 1 жетекші);
Казталов ауданы – 5 қатысушы (3 оқушы + 2 жетекші);
Тасқала ауданы – 4 қатысушы (3 оқушы + 1 жетекші);
Теректі ауданы – 5 қатысушы (4 оқушы + 1 жетекші);
ОБЖТжЭО - 6 қатысушы (4 оқушы + 2 жетекші);
Орал қаласы – 5 қатысушы (4 оқушы +1 жетекші);
Бес күн ішінде экспедицияға қатысушылар Жайық өзені бассейінінің табиғатын және экологиялық мәселелерін зерттеу тапсырмасын орындады, өзен жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары бойынша практикалық экологиялық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, экспедиция барысында 9 бағыт бойынша (топографикалық, геоморфологиялық, геоботаникалық, фенологиялық, зоологиялық, гидрологиялық, экологиялық, метеорологиялық және топырақ қабаты) зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстар экспедицияға қатысушыларға өзендердің бассейінінің негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, оны шешу жолдарын табуды міндеттеді. Ұйымдастырылған әртүрлі байқаулар экспедиция бағдарламасын әрлендіріп, талантты балаларды айқындады.
«Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясы барысында топтар арасында тығыз ынтымақтастық және жылы достық қатынас қалыптасты. Оқушылар далалық жағдайда туристік тұрмыс және дағды негіздерін, жүзу тәсілдерін меңгеруді үйренді. Экспедиция кезінде оқушылар іздестіру - зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін үйренді және экспедиция арқылы мектептен алған теориялық білімдерін толықтырды.
2025 жылдың күзінде «Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясы отрядтарының слетінде оқушылар іздестіру-зерттеу жұмыстарын қорғайды.
![]() |
![]() |