Облыстық экологиялық-геологиялық экспедициясының
қорытынды ақпараты
Білім басқармасының 2025 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, отаншылдық және азаматтылыққа тәрбиелеу, дарынды және талантты балаларды анықтау, сонымен қатар қазақстандық геология ғылымының үздік іс-тәжірибелерін жетілдіру және сақтау, геологиялық өлкетануды дамыту мақсатында 2025 жылдың 10-13 маусым аралығында облыстық экологиялық геологиялық экспедициясы өткізілді.
Экспедицияның міндеттері:
- геология негіздері бойынша оқушылардың практикалық дағдыларының сапасы мен деңгейін, табиғатты қорғау қызметін, туристік дайындығын, тексеру;
- геологиялық зерттеу дағдыларын практика арқылы үйрету;
- геология, геоэкология және басқа да жер туралы қолданбалы ғылымдардың жаңа әдіс-тәсілдерін әзірлеу және жетілдіру;
- оқушыларды геология бойынша өткізілетін жарыстар мен олимпиадаларға қатысуға дайындау;
- экспедиция күнделігін жүргізу;
- экспедиция қорытындысы бойынша есебін, презентациясын әзірлеу;
- экспедицияның барысы мен нәтижелері туралы бейнеролик дайындау.
Экспедиция бағыты: Орал қаласы – Қаратөбе ауылы (Қаратөбе ауданы) - Сарыөмір ауылы (Теректі ауданы) – Орал қаласы маршрутымен өтті. Экспедицияға облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы үйірмешілері мен Бәйтерек ауданының арнайы топтары қатысты. Экспедицияға жалпы орталықтың 16 білім алушылары, 4 жетекшісі қатысты.
Экспедиция кезінде оқушылар ғылыми - ізденіс жұмыстарын жүргізу тәсілдерін үйренді және теориялық білімдерін іс жүзінде қолданды.
Біздің маршруттың бірінші күні оқушылар М. Мералиев атындағы аудандық өлкетану мұражайымен және Алаш және Қайыржан Хасанов атындағы тарихи-өлкетану мұражайымен танысты. Сонымнен бірге білім алушылар Қаратөбе ауданының су тарату жүйесінің жұмысымен танысты.
Әрі қарай бағдарлама бойынша экспедиция қатысушылары Қалдығайты өзені бассейнінің Алжансөр және Шалқар көлдерінің табиғаты мен экологиялық проблемаларын зерттеу бойынша тапсырманы орындады. Экспедиция барысында зерттеу жұмыстарын жалғастыру үшін Шалқар мен Алжансөр көлінен сынамалар алында. Шалқар көлінде гидрология, метеорология бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Экспедиция қатысушыларына зерттеу және сынама алу мақсатында Сантас және Сасай тауларына жаяу экскурсиялар жасалды.
Экспедиция және сынамаларды өңдеу қорытындылары және зерттеу нәтижелері бойынша есеп жасалады. Оқушылардың іздестіру-зерттеу жұмысының қорытындылары республикалық және халықаралық деңгейдегі конкурстарда ұсынылатын болады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |