Облыстық «Жас құтқарушы» слетінің қорытынды ақпараты

Облыстық «Жас құтқарушы» слетінің қорытынды ақпараты

 

Білім басқармасының 2025 жылғы 17 сәуірдегі  №354 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың  20-22 мамыр күндері Орал қаласы «Евразия» туристік кешенінде облыстық «Жас құтқарушы» слеті өткізілді.

 Мақсаты: жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларын жан-жақты дамыту мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға дайындау.

Ұйымдастырушылар: «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ, «Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті» ММ және «Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы» МКҚК.  

Жарысқа 11 ауданнан және Орал қаласынан барлығы 128 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы Қаратөбе, Бөрлі аудандарының және Орал қаласының жақсы дайындықтарын атап өтті. Тасқала ауданының командасы жарысқа қатыспады.

Жарыс бағдарламасына сәйкес «Таныстыру карточкасы», «Қабырға газеті», «Алғашқы көмек көрсету» байқаулары және «Өрт эстафетасы», «Авариялық-құтқару жұмыстары», «Іздестіру-құтқару жұмыстары», «Су айдынындағы құтқару жұмыстары» қашықтықтары бойынша өткізілді.

Жарыстың қорытындысына сай нәтиже төмендегідей: 

«Таныстыру карточкасы» байқауының жеңімпаздары: 

І орын – Бөкей ордасы ауданының командасы;

ІІ орын – Қаратөбе ауданының командасы;

ІІІ орын – Орал қаласы командасы.

 «Қабырға газеті» байқауының жеңімпаздары: 

І орын – Қаратөбе ауданының командасы;

ІІ орын – Бәйтерек ауданының командасы;

ІІІ орын – Бөрлі ауданының командасы.

   «Алғашқы көмек көрсету» байқауының жеңімпаздары:

І орын – Орал қаласы командасы;

ІІ орын – Жәнібек ауданының командасы;

ІІІ орын – Бөрлі ауданының командасы.

«Өрт эстафетасы» қашықтығының жеңімпаздары: 

І орын – Қаратөбе ауданының командасы;

ІІ орын – Бөрлі ауданының командасы;

ІІІ орын – Сырым ауданының командасы.

 «Авариялық-құтқару жұмыстары» қашықтығының жеңімпаздары:

І орын – Жаңақала ауданының командасы;

ІІ орын – Теректі ауданының командасы;

ІІІ орын – Бөрлі ауданының командасы.

«Іздестіру-құтқару жұмыстары» қашықтығының жеңімпаздары:

І орын – Қаратөбе ауданының командасы;

ІІ орын – Сырым ауданының командасы;

ІІІ орын – Бөрлі ауданының командасы.

«Су айдынындағы құтқару жұмыстары» қашықтығының жеңімпаздары:

І орын – Қаратөбе ауданының командасы;

ІІ орын – Бәйтерек ауданының командасы;

ІІІ орын – Орал қаласы командасы.

Жалпы командалық сынақ бойынша жеңімпаздар:

І орын – Орал қаласының командасы;

ІІ орын – Бөрлі ауданының командасы; 

ІІІ орын – Қаратөбе ауданының командасы.

Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдары, медальдары кубогтері және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"