Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған облыстық «Шырқа гитара!» фестивалінің қорытынды ақпараты

Халықаралық  балаларды қорғау күніне

арналған  облыстық «Шырқа гитара!»

фестивалінің  қорытынды ақпараты

 

Білім басқармасының 2025 жылғы 2 мамырдағы №415 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 19–21 мамыр күндері Халықаралық  балаларды қорғау күніне орай облыстық «Шырқа гитара!» фестивалі өткізілді.

Мақсаты: оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, авторлық әндер мен бардтық  әндерді насихаттау, талантты жастарды анықтау.      

Ұйымдастырушылар: Батыс Қазақстан  облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы» МКҚК, Казталов ауданы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер туризмі  және экология орталығы.

Фестивальге 8 команда (86 қатысушы) қатысты. Шараға Сырым, Қаратөбе, Тасқала, Шыңғырлау аудандарының және Орал қаласының командалары қатыспады. Әділқазылар Бәйтерек, Теректі және Казталов аудандары командаларының жоғары деңгейде дайындықпен келгендерін атап өтті.                  

«12 жасқа дейін» категориясы

 

 «Бардтық әндерді орындаушы» номинациясы бойынша:

І орын -Ажгерей Санжар  (Бөкей ордасы);

ІІ орын- Атымтаева Эльнара (Жәнібек ауданы);

ІІІ орын -Абельдиева Аяулым (Бәйтерек ауданы).

 

«Ансамбль» номинациясы бойынша:

І орын- «Колокольчик» ансамблі (Бөрлі ауданы);

ІІ орын- «Альтаир» ансамблі (Жәнібек ауданы);

ІІІ орын- «Атамекен»  ансамблі  (Бөкей ордасы ауданы).

 

«13-15 жасқа дейінгі»  категориясы

«Гитарамен әндерді орындаушы» номинациясы бойынша:

І орын -Мухамбет Муслим (Бөрлі ауданы);

ІІ орын- Батырбек Арнұр (Жаңақала ауданы);

ІІІ орын -Гиссатдин Жансерік (Бәйтерек ауданы).

 «Ансамбль» номинациясы бойынша:

І орын -«Тел қоңыр» ансамблі (Теректі ауданы);

ІІ орын- «Қыз жібек» ансамблі (Казталов ауданы);

ІІІ орын- «Бәйтерек» ансамблі (Бәйтерек ауданы).

 

«Автор»номинациясы бойынша:

І орын -Сағынжанқызы Дана  (Бәйтерек ауданы);

ІІ орын -Темірғали Арғын (Теректі ауданы);

ІІІ орын -Тілеген Жандаулет (Жаңақала ауданы).

 

 

«16-18 жас» категориясы

«Бардтық әндерді орындаушы» номинациясы бойынша:

І орын –Елекен Ералхан (Казталов ауданы);

ІІ орын–  Жанат Ерасыл (Жаңақала ауданы);

ІІІ орын–Гиссатдин Нұржігіт (Бәйтерек ауданы).

 

 «Ансамбль»  номинациясы бойынша:

І орын–  «Арда» ансамблі (Бәйтерек ауданы);

ІІ орын –«Аквамарин» ансамблі (Бөрлі ауданы);

ІІІ орын –«Достар» ансамблі (Казталов ауданы).

 

«Автор»  номинациясы бойынша:

І орын –Елекен Ералхан (Казталов ауданы);

ІІ орын –Ғазиз Омар  (Бәйтерек ауданы);

ІІІ орын –Бақыт Нұрдәулет (Казталов ауданы).

 

Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.   

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"