Мектеп оқушылары арасында « Бағдаршам – 2025» жол қозғалысы жас инспекторларының облыстық слетінің қорытындысы туралы ақпарат

Мектеп оқушылары арасында « Бағдаршам – 2025» жол қозғалысы

жас инспекторларының облыстық слетінің қорытындысы туралы ақпарат

 

Білім басқармасының 2025 жылдың 2 мамырдағы № 404 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 14 – 16 мамыр күндері облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының базасында мектеп оқушылары арасында «Бағдаршам-2025» жол қозғалысы жас инспекторларының облыстық слеті өткізілді.

Мақсаты:  балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол – көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру және балалардың жол – көлік жарақаттануының алдын алу проблемаларына мүдделі мекемелердің, ұйымдар мен жұртшылықтың назарын аудару.

Ұйымдастырушылар: «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы»  ММ, «Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті» ММ және «Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы» МКҚК.

         Слетке Бәйтерек, Казталов, Бөрлі, Ақжайық, Теректі, Жаңақала, Жәнібек, Тасқала аудандары мен Орал қаласының командаларынан 88 мектеп оқушысы қатысты.

Облыстық слет келесі байқаулар мен сайыс түрлері бойынша өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

«Саптық байқау» (командалық есеп)

1 орын - Жәнібек ауданының командасы;

2 орын - Теректі ауданының командасы;

3 орын – Бәйтерек ауданының командасы.

«Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері» байқауы (командалық есеп)

1 орын - Ақжайық ауданының командасы;

2 орын - Бәйтерек ауданының командасы;

3 орын - Казталов ауданының командасы.

«Жас реттеуші» байқауы (жекелей есепте)

1 орын – Гумаров Бекарыс (Тасқала ауданы, Шежін МББК);

2 орын – Ғаллем  Бексұлтан (Жәнібек ауданы, №1 мектеп-лицей);

3 орын – Серікқали Жанарыс (Орал қаласы, №40 ЖОББМ).

«Үгіт-насихат бригадаларының» байқауы (командалық есеп)

1 орын - Бәйтерек ауданының командасы;

2 орын - Жәнібек ауданының командасы;

3 орын - Орал қаласының командасы.

«Велосипедті мәнерлеп жүргізу» сайысы (ұл балалар арасында)

1 орын – Султангалиев Радмир (Жәнібек ауданы, №1 мектеп-лицей);

2 орын – Жусубалиев Аңсар (Тасқала ауданы, Шежін МББК);

3 орын – Сағынбай Нұрасыл (Бәйтерек ауданы, Б.Момышұлы ат. ЖОББМ).

«Велосипедті мәнерлеп жүргізу» сайысы (қыз балалар арасында)

1 орын – Ғайнолла Инабат (Жәнібек ауданы, №1 мектеп-лицей);

2 орын – Жалмухан Зарина (Ақжайық ауданы, №1 ЖОББМ);

3 орын – Орақ Аяулым (Казталов ауданы, А. Оразбаева ат. ЖОББМ).

 Жалпы командалық есепте:

I орын – Жәнібек ауданының командасы

II орын – Бәйтерек  ауданының командасы

III орын – Ақжайық  ауданының командасы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі грамоталарымен, медальдарымен және командалық кубоктарымен марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"