Облыстық «Айбын – 2025» әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысы туралы ақпарат

Облыстық «Айбын – 2025» әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысы туралы ақпарат

 

Білім басқармасының 2025 жылғы 16 сәуіріндегі №351 бұйрығына сәйкес осы жылдың 23-25 сәуір аралығында «Евразия» ТК аумағында облыстық «Айбын – 2025» әскери-патриоттық жастар жиыны өткізілді.

Мақсаты:  1941-1945 жылдары ҰОС қазақстандық батырларының әскери борышын орындау үлгісінде жастарды тәрбиелеу, Батыс Қазақстан облысында әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру және әскери қызметті дамыту. 

Жиынға облыс аудандары мен Орал қаласы, облыстық мектептер және колледж құрама командаларынан 238 қатысушысымен 14 команда қатысты. Жәнібек ауданы командасы қатыспады. Жарыс төрешілері Орал қаласының құрама командасын, Бөрлі, Бәйтерек аудандарының командаларын жақсы дайындықтарын атап өтті.

Облыстық жиын келесі байқаулар мен сайыс түрлері бойынша өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

«Белтемірде тартылу» (жекелей есепте)

1 орын – Берік Жанарыс (Бөкей Ордасы ауданы, Жәңгір хан ат. ЖОББМ);

2 орын – Жасұланұлы Елдар (Теректі ауданы, Феодоровка № 1 ЖОББМ )

3 орын - Сағынтай Бекзат (Жаңақала ауданы, Жаңақала МГ).

«Белтемірде тартылу» (Командалық есеп)

1 орын - Орал қаласының командасы;

2 орын - Теректі ауданының командасы;

3 орын - Жаңақала ауданының командасы.

«Шалқалап жатып денені көтеру» (жекелей есепте)

1 орын –Шишонкова Анна (Бәйтерек ауданы, Январцев ЖОББМ);

2 орын –Газизова Амина (С.Сейфуллин ат. № 11 ДБАОММЛИ);

3 орын – Наурызбай Дильяра (Орал қаласы, Круглоозерное ЖОББМ).

«Шалқалап жатып денені көтеру» (Командалық есеп)

1 орын – С.Сейфуллин ат. № 11 ДБАОММЛИ командасы;

2 орын – Бөкей ордасы ауданының командасы;

3 орын - Теректі ауданының командасы.

АК-74 бөлшектеу және жинақтау (ұлдар арасында)

1 орын – Бурумбаев Алтынбасар (Орал қаласы, №52 ЖОББМ);

2 орын – Төлеу Руслан (С.Сейфуллин ат. № 11 ДБАОММЛИ);

3 орын - Файзолла Еділ (Орал қаласы, №47 ЖОББМ).

АК-74 бөлшектеу және жинақтау (қыздар арасында)

1 орын – Амангелдиева Азиза (С.Сейфуллин ат. № 11 ДБАОММЛИ);

2 орын – Ганенкова Алина (Бәйтерек ауданы, Макаров ЖОББМ);

3 орын – Амандық Гүлсезім (Шыңғырлау ауданы, Л.Қылышев ат. ЖОББМ).

АК-74 бөлшектеу және жинақтау (Командалық есеп)

1 орын – С.Сейфуллин ат. № 11 ДБАОММЛИ командасы;

2 орын – Орал қаласының құрама командасы;

3 орын – Жаңақала ауданының командасы.

Арқан тарту (Командалық есеп)

1 орын - Бәйтерек ауданының командасы;

2 орын - Казталов ауданының командасы;

3 орын - Ақжайық ауданының командасы.

Пневматикалық мылтықтан ату (ұлдар арасында)

1 орын - Гулембо Радомир (Орал қаласы, Вальдорф бағытындағы МГ);

2 орын – Харкин Андрей (Колледждер құрама командасы, ОАТК);

3 орын – Мирянов Виталий (Колледждер құрама командасы, ОАТК);

Пневматикалық мылтықтан ату (қыздар арасында)

1 орын – Медея Айтмагамбетова (Колледждер құрама командасы, ОАТК);

2 орын - Наурызбай Дильяра (Орал қаласы, Круглоозерное ЖОББМ);

3 орын – Газизова Амина (С.Сейфуллин ат. № 11 ДБАОММЛИ).

Пневматикалық мылтықтан ату (Командалық есеп)

1 орын - Орал қаласының құрама командасы;

2 орын - Колледждер құрама командасы

3 орын - Бөрлі ауданының командасы.

«Әскерилендірілген кросс» 1000 метр (Командалық есеп)

1 орын – Бөрлі ауданының командасы;

2 орын – Бәйтерек ауданының командасы;

3 орын – Бөкей ордасы ауданының командасы.

Әскерилендірілген эстафета (Командалық есеп)

1 орын – Бөрлі ауданының командасы;

2 орын - Орал қаласының құрама командасы;

3 орын - Ақжайық ауданының командасы.

«Smart sarbaz» сайысы

1 орын – С.Сейфуллин ат. № 11 ДБАОММЛИ командасы;

2 орын – Қаратөбе ауданының командасы;

3 орын – Орал қаласының командасы.

«Айбын дарыны» зияткерлік сайысы

1 орын – Бөрлі ауданының командасы;

2 орын - Орал қаласының құрама командасы;

3 орын - Бәйтерек ауданының командасы.

«Айбын жұлдызы» байқауы

1 орын – Қаратөбе ауданының командасы;

2 орын - Бөрлі ауданының командасы;

3 орын - Казталов ауданының командасы.

Хаттамаларға сәйкес жалпы командалық орындар төмендегідей бөлінді:

I орын - Орал қаласының құрама командасы;

II орын - Бөрлі ауданының командасы.

III орын - Бәйтерек ауданының командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі грамоталарымен, алғыс хаттармен, медальдарымен және командалық кубоктарымен марапатталды.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"