Спорттық бағдарлаудан «Көктемгі бағдарлау - 2025» облыстық ашық жарысының қорытындысы туралы туралы ақпарат

Спорттық бағдарлаудан  «Көктемгі бағдарлау - 2025»

облыстық ашық жарысының қорытындысы туралы туралы ақпарат

 

            Білім басқармасының 2025 жылғы 30 наурыздағы № 288 бұйрығына сәйкес осы жылдың 15-17 сәуір күндері  аралығында  спорттық бағдарлаудан «Көктемгі бағдарлау - 2025» облыстық ашық жарысы өткізілді.

Жарыс спорттық бағдарлауды балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау, жастардың туристтік - спорттық дайындығын дамыту және тәрбиелеу, республикалық жарыстарға үздік спортшыларды анықтау мақсатында өтті.

         Жарысқа колледждерден, облыс аудандары мен Орал қаласынан 200 қатысушысымен 13 команда қатысты. Жарыс төрешілері Бәйтерек, Теректі, Бөрлі, Қаратөбе аудандары мен  Орал қаласы командаларының  жақсы дайындықтарын атап өтті.

Бағдарлама бойынша қатысушылар «Спринт» (Хан тоғайы), «Орта» және «Ұзақ»  (Перевалочная роща аумағы) қашықтықтарында өз шеберліктерін  көрсетті.

Хаттамаларға сәйкес жалпыкомандалық орындар төмендегідей бөлінді:

I орын  - Бәйтерек ауданының командасы

II орын  - Теректі ауданының командасы

III орын  - Бөрлі ауданының командасы

 

Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдары, медальдары және кубогтерімен марапатталды. 

 

 

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"